8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2021 1963 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КЕЙБІР БӨЛІМДЕРІ «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШІРІЛЕДІ

Бұл туралы 18 қарашада  қала әкімдігінде  өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. 

Қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен комиссияның  бас қосуыныа  «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің БҚО бойынша басшысы Әлия Салиева қатысты.

Әлия Өтемісқызы  өңіріміздегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпараттандырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар жиында бекітілген күн тәртібіне сәйкес қаладағы кент және селолық округтерінің әкімдері мен бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.

Шаһар басшысы атқарылып жатқан әр істе ашықтық пен қолжетімділік қатар жүруін, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әр кент пен бөлімдерде профилактикалық шаралар жүргізу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдету, ең бастысы азаматтардың мәселелерін тез әрі жедел шешу жолдарын қамтамасыз ету, қызметтерді көрсету кезінде ашықтықты сақтау мақсатында қажетті бөлімдерді «Open Space» форматына көшіруді ұсынды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»