8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2021 1913 0
Қалалықтар қаперіне

30 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН – ОРАЛДА ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығына орай Орал қаласында «30 жұлдызды күн» айлығы басталды. Жұлдызды күндер аясында ел тәуелсіздгінің құндылығын ұлықтайтын шаралар өткізілмек. 

Мерекеге арналған алғашқы іс-шара тәуелсіздігіміздің басты нышаны мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналды. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» деген атаумен өткен салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, айлыққа бастау берді.

– Баршамызға белгілі, биыл – ұлық мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыған орай Орал қаласында бір ай көлемінде «30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Отыз күн ішінде спорттық, мәдени, мерекелік,ұлттық спортты дамытуға арналған шаралар өткізіледі. Сондай-ақ жоспарға сәйкес Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылатын болады. Өткізілетін шаралар аясында әр сала бойынша барлық жастағы адамдар қамтылатын болады. Басты мақсатымыз – ұрпақтар сабақтастығын үзбей, дәстүр жалғастығын дамыту, – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы.

Салтанатты кеште патриоттық әндер шырқалып, көрермендер арасында мемлекеттік рәміздерге қатысты викториналық сұрақтар ойнатылды. Кеш Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен түйінделді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»