МӘМС-ҒА ЖАРНА ТӨЛЕУ КЕЗІНДЕ ҚАТЕЛІК ЖІБЕРДІҢІЗ НЕМЕСЕ ДҰРЫС СОМА ЕНГІЗБЕДІҢІЗ БЕ?
Егер Сіз МӘМС арқылы төлемді дұрыс жүргізбеген болсаңыз, артық сома енгізсеңіз, ЖСН-ді қате енгізсеңіз немесе қате кезеңді көрсетсеңіз, онда уайымдамаңыз, заңнама бұл қаражатты қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова түсінік берді.
Ол үшін қаражатты қайтару себебін көрсете отырып, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға өтініш жазу және төлемді растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Бұл стандартты нысанда берілген растау анықтамасы немесе төлем құжатының көшірмесі болуы мүмкін.
Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын https://gov4c.kz/ сайтынан табуға болады.
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылатын болады.
Қандай жағдайларда сізге ақшаны қайтарудан бас тартылуы мүмкін?
- егер өтініште банктің деректемелері дұрыс көрсетілмеген болса;
- егер өтініш ҚР ДСМ 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 1-қосымша нысаны бойынша жазылмаса;
- егер өтініште қайтарудың себебі дұрыс көрсетілмесе;
- егер өтінішке толық құжаттар пакеті қоса берілмесе;
- егер ақшаны қайтаруға негіз болмаса;
- егер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен растау болмаса.
Мысалы, қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған ЖК-ға ресімделеді, ал ақпараттық жүйеден ЖК әрекет ететіндігі туралы деректер келеді;
- егер қайтаруды шетелдік азамат немесе ҚР аумағында уақытша болатын оның отбасы мүшесі ресімдесе.
Қандай жағдайларда ақша кері қайтарылады?
- егер қаражат шынымен қате жіберілген болса;
- егер бұл қызметкерлер үшін артық есептелген төлемдер болса;
егер жарналарды немесе аударымдарды төлеу кезінде төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмесе;
- егер МТ 102 төлем тапсырмасы форматында қате жіберілсе;
- егер төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмесе;
- егер төлеуші немесе банк қаражатты екі немесе одан да көп рет аударған болса.
Міндетті медициналық сақтандыру үшін өзіңіздің соңғы төлеміңіздің сомасы мен күнін телеграмдағы Saqtandyrýbot, 24/7 Qoldau мобильді қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде немесе бір реттік пароль бойынша, egov. kz е-үкімет порталындағы жеке кабинеттен тексеруге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу