«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» АЛАҢЫНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІ
БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және «Орал жастарының бастамасымен ұйымдастырылып жүрген «Білімділер додасы» зияткерлік сайысына БАҚ өкілдері, баспасөз қызметкерлері мен әлеуметтік желі қолданушылары қатысты. Айтулы шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орайластырылды.
«Білімділер додасына» бес топ қатысты. Өңірдегі әр үрлі БАҚ-тардың тілшілері «БҚО БАҚ өкілдері», «Тик-ток» әлеуметтік желісінің белсенділері, «Ақжайық» атауымен қатысқан журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары, «ТДК-42» телеарнасының ұжымы және облыстағы бірнеше мекеменің баспасөз қызметкерлерінің командасы жиналды.
Доданы журналистерден құралған «БҚО БАҚ өкілдері» командасы бастады. Көрермендермен қарсы ойындағы сауалдардан мүдірмеген команда жарыста осы команда бірінші орынға ие болды. «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Еркін Карин бастаған команда құрамында Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкері-тілші Гүлзинат Ибрагимқызы, «Жайық үні» газетінің тілшісі Эльмира Нұғманова, «Приуралья» газетінің тілшісі Арайлым Бекқалиева, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлсезім Бияшева болды.
Екінші орын «Ақжайық» атауымен қатысқан журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары шықса, үшінші орын «ТДК-42» телеарнасының тілшілері иеленді.
«Ақжайық» командасының мүшесі – Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистрі, əлеуметтік желіні белсенді қолданушы Ерболат Мұхтарұлы «Үздік ойыншы» атанды.
Жеңімпаз-жүлдегерлер БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының атынан дипломдармен және арнаулы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлерді БҚО «Азаматтық Альянс» ЗТБ төрағасы Аслан Тапишев пен Орал қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев құттықтады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті

Кіру
Пікір үстеу