ОРАЛДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» ҮЙІНІҢ АЛТЫ АЗАМАТЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Кейінгі бес жылдың ішінде Оралда 230 жетім бала пәтерлі болды. Жуырда ғана 198 пәтерлі үй тапсырылып, осы санаттағы 21 азамат жаңа қоныстарының кілтін алды.
Жергілікті атқраушы органның тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 21 мыңнан астам азамат тұр. Олардың 1884-і – жетім балалар санаты бойынша кезекке қойылғандар. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес салынған үйдегі пәтерлердің 20 пайызы жетім балаларға беріледі.
– Сонымен қатар олардың «Нұрлы жер», «Шаңырақ» бағдарламаларына қатысуына толық құқығы бар. «Отбасы» банкінің шарты бойынша бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің үй құнының 5 пайыздық жарнасы болуы керек. Мәселен, үйдің бағасы 10 млн. теңге болса, өтініш беруі үшін ашылған есепшотта 500 мың теңге жинақ болуы тиіс, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шауашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Шайхиев. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта 2010 жылы кезекке тұрғандар баспана алуда. Дегенмен, бұл санат бойынша кезекке тұрғанымен кәмелеттік жасқа толуы ескеріліп, кейбірі кейінге шегірілуде. Сонымен қатар кезегі келіп, үй берілгенімен, жұмыс бабымен шетелде жүрген азаматтар да бар. Сол себепті құжаттары әлі рәсімделмеген.
Жуырда тапсырылған 198 пәтерлі тұрғын үйдің 50 пайызы (99 пәтер) көпбалалы аналарға берілсе, 20 пайызы, яғни 21 пәтер – жетім балаларға берілген. Үй алғандардың алтауы – «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары. Солардың бірі Азат пен Асыл Нұрмұхановтар қазіргі уақытта жаңа қоныстарына көшуге қамдануда.

– 11 жыл кезекте тұрып, жаңа үйге қол жеткіздік. 10 жыл бұрын отбасын құрдым, бес перзентіміз бар. Бұрын «Шаңырақтағы» екі бөлмелі шағын пәтерде тұрдық. Ал жаңа үйіміз 84 шаршы метрлі, кең, жарық, үш бөлмелі. Балалар да өзіміз де қуаныштымыз. Жиһаздар алып, кіруге дайындалудамыз, – дейді Азат.
«Шаңырақ» үйінің директоры Өмірбай Қалымбеттің айтуынша, қазіргі уақытта жасөспірімдер үйінде жетім балалар үйінің 103 түлегі тұрып жатыр. Оның 36-сы – отбасын құрғандар, 17-сі – жалғызбасты аналар. Олардың жалпы балалары – 88. Балалар №4 және №39 мектептерде білім алуда.
– «Шаңырақ» тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Жылы, салқын су тартылған. Тұрғындардан коммуналдық төлем алынбайды. Үйді күтіп-ұстау үшін жылына бюджеттен 23 млн. теңге бөлініп отыр. Тұрып жатқан азаматтардың бәрі де баспана кезегіне қойылды, – дейді Өмірбай Қалымбет.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарының баспана мәселесі бойынша облыс әкімдігі жанынан арнайы комиссияға құрылды. Бұл комиссия құрамында «Шаңырақтың» алты тұрғыны бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу