ОРАЛДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Оралда жаңа спорттық туризм базасы пайдалануға берілді. Ашық аспан астында орналасқан туристік кешенде балалар мен ересектердің уақытты пайдалы, қызықты өткізуіне жағдай бар.
Базаны жасақтау үшін бұл аумақ өткен жылы мемлекеттік орман қорынан алынған. Жалпы көлемі – 7 гектар. Орман алқабын бастапқы қалпында сақтау талабымен 10 жылға жалға беріліп отыр.
«Орал» спорт клубының туристік базасы саналатын бұл орында тұрғындардың емін-еркін спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Жаяу және экстремалды спортқа арналған құрал-жабдықтар, серуен құру үшін велосипедтер, қайықтар да табылады. Бұл базада жазғы спорт түрлерімен қатар қысқы спортты дамытуға көңіл бөлінбек. Ал басты нысан – арқанды саябақ.
Жаңа демалыс орны бір ай ішінде құрылып, тапсырылып отыр. Су тартылып, жарықтандырылған. Спорттық туризмге арналған 18 кезеңді кедергілер орнатылған. Бұл – жобаның бірінші кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы А.Шерғалиевтің айтуынша, екінші кезеңде тұрғындардың ұйымдастырылған орында суға шомылуына жағдай жасау үшін жағалауды дайындау көзделуде.
Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың орны ерекше. Сондай-ақ қала тұрғындарының бос уақыттарын таза ауада өткізуі үшін қолайлы жағдай жасалуының маңызы зор. Осы мақсатта ашылып отырған жаңа демалыс аумағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарына айналатыны сөзсіз.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу