8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2021 1446 0
Дені сау ұлт

Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің патронажы туралы ата-аналар нені білуі қажет

 Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Өмірінің алғашқы айларында жаңа туған нәресте үнемі бақылауды және дұрыс күтімді қажет етеді.

Бұл үшін біздің медициналық ұйымдарда патронаждық қызмет жұмыс жасайды, нәрестені үйге шығарғаннан кейін оны бірден емхананың учаскелік медбикесі өз бақылауына алады.

18 жасқа дейінгі балалар медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, сондықтан оларға туғаннан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін барлық медициналық көмек мемлекет есебінен тегін көрсетіледі.

 

Жаңа туған нәрестелердің патронажы дегеніміз не?

Жаңа туылған нәрестелердің патронажы – бұл аурудың алдын алу, ата-аналарды баланың үйлесімді дамуы үшін оған дұрыс күтім жасауға үйрету мақсатында перзентханадан шыққаннан кейін үйдегі кішкентай пациентті белсенді бақылау жүйесі. Айта кету қажет, анасы мен баласы ауруханадан тәулік бойы медициналық бақылау үшін медициналық көрсеткіштер болмаған кезде және қанағаттанарлық жағдайда ғана шығарылады. Бала үйге шығарылғаннан кейін перзентхана ол туралы ақпаратты одан әрі бақылау үшін нақты тұратын жері бойынша емханаға береді.

Ережеге сәйкес, медбике алғаш рет кішкентай пациентке ауруханадан шыққаннан кейін 1-3 күннен кешікпей баруы керек. Перинатальды және туа біткен патология белгілері бар шала туылған нәрестелерді шығарылған күні бірден  қарауға тиісті. Егер бұл күн демалыс немесе мереке күндеріне түссе, мұндай нәрестелерге кезекші педиатр – дәрігер барады.

Балалар учаскелік медбикесі балаға өмірінің бірінші айында әр 7 күн сайын 28 күн толғанға дейін барады. Содан кейін ол анасы мен баласын бір айлық жасында емханаға алғашқы тексеруге шақырады.

Биыл 8 айдың ішінде медбикенің жаңа туған нәрестеге үйге патронаждық бару қызметі 1,5 миллионнан астам рет көрсетілді.

 

Жаңа туған нәрестелердің үйдегі патронажына не кіреді?

Балаға бірінші рет барған кезде медбике ата-анасымен танысады, төлқұжат мәліметтерін, сондай-ақ баланың барлық деректерін жазады, сонымен қатар анаға денсаулығына байланысты сұрақтар қояды, ана мен баланы хаттама бойынша тексереді.

Медбикенің міндеті:

  • Ана мен баланың денсаулығы туралы сұрау (шағымдар, сүт бездерінің жағдайы, физикалық белсенділік, тамақтану, ұйқы, контрацепция);
  • Ананың көңіл-күйін бағамдау, үй ортасының қауіпсіздігін және жаңа туған нәрестенің қажеттіліктеріне бағам жасау;
  • Ананы сәбиге күтім жасау ережелері, бала емізу принциптері, температуралық режимді сақтаудың маңыздылығы, бала күтіміне отбасының қатысуы хабардар ету, кеңес беру және үйрету;
  • Баланы тексеру және қауіпті белгілер анықталған жағдайда дереу учаскелік дәрігерге хабарлау;
  • Отбасына дереу медициналық ұйымға жүгінуді қажет ететін аурудың қауіпті белгілерін үйрету, олар: тамақтану проблемалары, жаңа туған нәрестенің белсенділігінің төмендеуі, минутына 60-тан астам тыныс алудың жиілеуі, тыныс алудың қиындауы, қызба немесе температураның төмендеуі, құрысулар, қалтырау және басқалар;
  • Вакцинациялау мерзімі туралы хабарлау;
  • Баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігіне және дамуына қауіп төндіретін әлеуметтік қатерлерге бастапқы бағалау жүргізу және оларды анықтаған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін емхананың әлеуметтік қызметкеріне хабарлау;
  • Қосымша көмекке мұқтаж балаларды анықтау және олар үшін жеке баруды жоспарлау (туу кезінде дене салмағы төмен балалар, АИТВ жұқтырған аналардан туған немесе ауырған балалар).

Мұның барлығын балаға одан әрі патронаж жасау кезінде ескеру маңызды.

 

Жаңа туған нәрестеге алғашқы барудан кейін медбике не істеуі керек?

Емханадағы жұмыс орнында медбике кішкентай пациентті БХТ АЖ-да тіркейді («Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі), баланың амбулаториялық картасында тексеру нәтижелері туралы жазба жасайды, учаскелік педиатр дәрігерге үйде тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.

Егер медбике сәбидің денсаулығында орташа және жоғары қауіпті анықтаса, ол ЖПД дәрігерге, аға мейірбикеге, емхана меңгерушісіне медициналық ұйым осындай баланы бақылауда ұстауы үшін және дәрігер қауіп дәрежесі мен факторларына сәйкес жеке бақылау жоспарын әзірлеуі үшін хабарлайды.

 

Егер емхананың патронаждық медбикесі келмеген жағдайда, ата-аналарға не істеу керек?

Егер перзентханадан шыққаннан кейін ана мен балаға патронаждық медицина қызметкері келмеген жағдайда, ата-аналар нақты тұратын жері бойынша телефон арқылы емханаға жүгіне алады, баланың тууы туралы хабардар етеді және патронаж қағидаларына сәйкес баланы тұрақты тексеріп-қарау үшін медбикені үйге шақыра алады.

Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаса, сіздің өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ Қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz. сайты, Telegram-дағы Saqtandyrybot.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
62 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
281 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
771 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1148 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1077 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1508 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2124 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2291 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2298 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2346 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2353 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1992 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2833 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2888 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2881 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3491 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3463 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3450 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3427 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3591 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3637 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»