8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қазан 2021 3597 0
Спорт

ОРАЛДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Т.ҚАТАУОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ

 Волейболдан ұйымдастырылған ашық қалалық турнирге Орал қаласы мектептері, Қаратөбе, Сырым аудандарынан жалпы 8 команда қатысуда. Бүгін, 15 қазан күні облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінда ұйымдастырылған  турнирдің ашылуына Т.Қатауовтың шәкірті – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, басқарама басшылары, білім беру саласының қызметкерлері мен шәкірттері және туыстары қатысты. 

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра береді. Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету және олардың есімдерін мәңгі сақтау, ерліктерін дәріптеу –  баршамыздың перзенттік борышымыз!» деп атап өткен болатын.  Мемлекет басшысының үндеуі аясында саяси қуғын сүргін құрбаны болған жерлестеріміздің есімін ұлықтау шаралары өткізілуде.

Зобалаң жылдары саяси қуғын сүргін құрбаны болғандардың бірі  – жерлесіміз  Тұрсынғали Қатауов. Туринирдің ашылуына Тұрсынғали Ғатауолла туралы бейнефильм көрсетіліп, сөз алғандар ұстаздың өмірі мен ұлт болашағы үшін атқарған білім саласындағы еңбегіне  тоқталды.

1949 жылы Орал мұғалімдер даярлайтын институтының тарих факультетінде оқып жүргенде Алашорда үкіметін қолдап, қайраткерлері еңбектерін халық арасында батыл насихаттағаны үшін жазықсыз жала жабылып, 10 жылға сотталып жазасын Карлагта өтеп, 1955 жылы ақталып шыққан. Бостандыққа шыққан соң өзінің халық жауы емес, керісінше халықтың сауатын ашуға қызмет етіп, бар саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнап, Қаратөбе ауданы бойынша 1970 жылы тұңғыш  «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісін тағады.

Турнирге  Сырым, Қаратөбе аудандарының  және Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы  №10, №20, Х.Доспанова атындаңы №30, №47, №50 орта мектептері мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің  командалары қатысуда. Жарыстың  бас төрешісі – Азамат Нұрмұханбетов.

Турнир ертең, 16 қазан күні қорытындыланады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
20 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
24 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
29 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»