ҚЫЗДАРДЫҢ МИРА АПАЙДАН АЛАРЫ КӨП…
Орал қаласындағы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде оқып жүрген студент қыз балалар республикаға танымал жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Жайық үні-Жизнь города» газетінің директоры-редакторы Мира Шүйіншәлиевамен кездесті. Бұл жылы жүздесу БҰҰ-ның бастауымен енгізілген 11 қазан – Халықаралық қыздар күніне (International Day of the Girl Child) орай ұйымдастырылған еді.
Алдымен, жазушы апайларын колледж алдынан қазақтың ұлттық көйлектерін киген қыздар гүл шоқтарымен қарсы алды. Студенттердің жүздерінен қаламгерге деген риясыз құрметті байқадық. Қыздарға арналған бұл кездесудің мән-маңызы тәрбие, тәртіп мәселесіне, болашақ аналардың қазірден қандай болуы керегіне бағытталды. Шараны оқу орнының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Тасболат Серікқалиев ашып, кездесудің қонағы – Мира Хамзақызына шақыртуды қабыл алып, қыздармен жүздесуге келгені үшін рахметін айтты.
Халқымызда «Қыздың жолы – жіңішке» деген мақал бар. Нәзік жандардың қилы тағдырын бірнеше көркем әдеби шығармаларына арқау етіп, солтобраздар арқылы оқырманды терең ойға қалдырып, заманның түйткілі мен мұңын сөз өнері арқылы жеткізіп жүрген М.Хамзақызының қыз тағдыры туралы жас буынға айтары, көргені мен түйгені көп екені даусыз.
Қай тақырыпты да шынайы бейнелеп, жүрекпен жазатын Мира Шүйіншәлиевамен колледж студенттері еркін сұқбат құрып, қызығушылықтарын танытты. Әдемілік, мәдениеттілік, киіне білу, білімді әрі сегіз қырлы-бір сырлы болудың қыр-сырын сұрады. Ауылдан, басқа жақтан келіп үлкен қалада оқып жүрген бойжеткендердің жаңашылдықтан қалыспай, көрінген жігітке алданып қалмай, табиғи ұяңдық пен ұлттық қасиетті ұмытпай, жақсы жар, өнегелі ана болу, барған жерінде ата-енені сыйлау, сәбиін шын сүйіп, өсіру, кішкентайынан баланы адамдық жолына бағыттау, өз ұшқан ұяңа, яғни ата-анаға кір келтірмеу секілді басты құндылықтар жайлы ойларын Мира жазушы нақты мысалдармен жеткізді.
Мақсатына жетпей тынбайтын жанның қайсарлығы, батылдығы, тік мінезі, өз ісіне адалдығы кешке жиналған қаракөздерге үлкен мотивация берді. Бұл туралы коллед директорының орынбасары Жансәуле Балуанова Мира апайдың бойынан өзіне жағымды энергия алғанын, дәрісханаға кіріп келгенде айналаға жылы леп бергенін айтып, кітаптарын студенттерге оқуға ұсынды. Кездесудің болашақта жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ колледж директоры Серік Әлімбековтың атынан Алғыс хат табыстады.
Жазушының кітабын Жәңгір хан дүкенінен арнайы сатып алған колледж ұжымы естелік үшін Мира Хамзақызынан қолтаңба жаздырып алды. Колледж ұжымы тағылымды кездесу үшін жазушыға ықыластарын білдіріп, өнерпаз арулар өнерлерін ортаға салды.
Елмұра Асхатқызы
Суретке түсірген автор
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу