БАШҚҰРТСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ
Қазақстан мен Башқұртстан сауда-экономикалық орталықтарын құрады. Уфа қаласында Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің басшылығымен Қазақстан делегациясымен кездесті. Кездесуге қатысушылар «Еуразиялық экономикалық орталық» кешенді инвестициялық жобасының перспективаларын, екі елдің соның ішінде Башқұртстан мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, сапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды.
Оралдан Уфаға дейін 673 шақырым. Өңірлерді жол инфрақұрылымы мен Жайық өзені байланыстырады. Башқұртстанда газ өңдеу, машина құрастыру салалары қарқынды дамыған. Оралда кадрлық әлеует қуатты. Сондықтан аймақ басшысы Ғали Есқалиевтің айтуынша, осында өндіріс орындарын ашып, Қазақстанның мұнай-газ секторы нарығына жол тартуға болады. Бұған аймақтардың географиялық орналасуы мол мүмкіндік береді. Уфа қаласындағы Республика үйінде өткен маңызды кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, өнеркәсіптік, мәдени-ғылыми және іскерлік байланыстарды арттыру жайы талқыланды.
Сапар барысында Қазақстан Республикасы делегациясы өкілдерінің Башқұртстан Республикасы компанияларымен кездесуі өтті. Облыс басшысы Ғ.Есқалиев Башқұртстан Республикасының индустрия, энергетика және инновация министрінің бірінші орынбасары және мұнай компанияларымен кездесті. Сондай-ақ Республика күніне арналған мерекелік шараға қатысты. 1990 жылдан бері жыл сайын Башқұрт елінде Республика күні тойланады. Өңір басшысы Ғали Есқалиев мерейлі мерекемен Ақ Жайық жұртшылығының атынан арнайы құттықтады.
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 14 қазандағы №40 санынан оқи аласыздар.
Гүлсара МАРАТ,
«Aqjaiyq» телеарнасының тілшісі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу