ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТАДИОН МЕН СПОРТТЫҚ ЖАЗҒЫ АЛАҢ АШЫЛДЫ
Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және «Қала күні» мерекесіне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде стадион кешені мен жазғы алаңдар салтанатты түрде ашылды. Спорттық нысандардың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров қатысты.
Алдымен келген қонақтар тренажерлық құрылғылар қойылған ашық аспан астындағы жазғы алаңдарды аралады. Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов келген қонақтарды білім алушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дене шынықтыру және спорт бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстармен, студенттердің спорттағы жетістіктерімен таныстырды.
Бұдан әрі заманауи тұрғыда жабдықталған стадион кешені жанына жиналған меймандар, қала тұрғындары, университет оқытушылары мен білім алушылары салтанатты іс-шараның куәсі болды. Жаңа стадионның лентасын қию рәсімі облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов пен университет ректоры А.Наметовке берілді.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы университетте стадион мен спорт алаңдарының ашылуы оқу орны басшылығының, құрылтайшылардың студенттерге деген үлкен сыйы екенін атады. Сонымен қатар өңірімізде спорт саласын дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Жәңгір хан университеті жастарының ғылым мен спорттағы жетістіктері көбейе түсуіне тілектестігін білдірді.
Университет ректоры Асқар Наметов студенттердің дене шынықтыру және спорт бойынша дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстармен таныстырды.
– Ел азаматын дайындау үшін университеттің алдына қойған басты стратегиясы – тәрбие беру, мәдениеттілікке баулу. Бұл жағдайда салауатты өмір сүруге дағдыланудың маңызы жоғары. Жоспардың іске асуы үшін инфрақұрлымды құру басты назарымызда болды. Екі жылдың ішінде осы жоспарымыз орындалды, спорттық кешен, стадион, workout жазғы алаңдарын 13 аумаққа орналастырдық. Соның арқасында мұғалімдер мен студенттеріміз үшін жаттығумен айналысып, салауатты өмір салтыну ұстануына жағдай жасаудамыз. Жаттығуларын үзбей жүргізген білім алушыларымыз спортта жақсы нәтиже көрсетіп келеді, – деді Асқар Наметов.
Құттықтау сөз алған университет ардагері, гір тасы спорты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі төрешісі Николай Коломоец, Жәңгір хан университетінің мақтанышына айналған спортшы, жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділбек Сейсов университет қабырғасында білім-ғылыммен бірге спортта биік белестерді бағындыратын жастар көбейе түсеріне сенім білдірді.
Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімінің және университет басқармасының білім грантын иеленген студенттерге сертификаттары табысталды.
Жәңгір хан университетінде қазіргі уақытта 18 спорттық клуб жұмыс жасайды. Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар мен қызметкерлердің қызығушылықтары бойынша 2300 ден астам адамды спортқа баулуды жолға қойса, аталған үйірмелерде көк туымызды әлем аренасында желбіретіп жүрген ұлттық құрама мүшелері болып табылатын білім алушылар жаттығу жасайды. Атап айтқанда, Қырғызстанда өткен Нарын халықаралық турнирінің I орын иегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының 1 орын иегері Анастасия Панасович, самбо күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының І орын жеңімпазы, жауынгерлік самбо бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділбек Сейсов, Жастар арасында қол күресінен Әлем чемпионы, ҚР кубогі иегері Ержан Ерболат сынды оқу мен спортты қатар алып жүргендер бар.
Жаңа нысандардың ашылу салтанатына орай университет спортшылары мен қызметкерлері арасында жолдастық кездесулер өтті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру

Пікір үстеу