8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2021 1817 0
Қоғам

«САПАЛЫ ӨНІМ – 2021» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Орал қаласында «Қала күні» мерекесіне орай «Сапалы өнім – 2021» азық-түлік өнімдерінің көрмесі өтті. Тұңғыш Президент алаңында өткен дәстүрлі көрмеге қаламыздан 20 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Аталмыш көрме 13-ші рет ұйымдастырылып отыр.


Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жәрмеңкені аралап, барлық қатысушылардың өнімдерімен танысып шықты. Тұрғындарды мерекемен құттықтап, жәрмеңкеге қатысқан кәсіпорындарды марапаттады.

–  Бүгін міне, дәстүрге сәйкес қаламыздың әр түкпірінде әртүрлі мәдени-спорттық шаралар оздырылып жатыр. Сонымен қатар өзіміздің жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Сапалы өнім» жәрмеңкесі де лайықты жалғасын тауып отыр. Барлық кәсіпкерлерге сапалы өніммен қоса, жаңа жұмыс орындарын ашуға өз үлестеріңізді қосып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Абат Абайұлы.

Көрме соңында үздік жергілікті тауар өндірушілеріне шаһар басшысының арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, «Белес» компаниялар тобы, «Валиев» ЖК, «Нұржанар» АҚ, Колбасы Приуралье» ЖШС, «Жайық Ет», «Жастық «Орал нан зауыты» агрокешені, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Ақас» агрофирмасы мен басқа да тауарөндірушілер бар.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»