МЕКТЕП МЕДПУНКТІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?
Жаңа оқу жылының басталуын барлығымыз көптен күттік, себебі енді балалар онлайн режимінде емес, мектепке барып білім алады. Отандық денсаулық сақтаудың мектеп медицинасы сияқты бағытын іске асыру және оқушыларға көрсетілетін медициналық көмектер туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова түсінік берді.
Мектеп медицинасы дегеніміз не?
Мектеп медицинасы-бұл білім беру ұйымдарындағы мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды көздейтін медицинаның бір саласы. Яғни, балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау болып табылады.
Мектеп медицинасы төмендегілерді қамтиды:
- профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу;
- оқу кезеңіндегі және каникул уақытындағы сауықтыру іс-шаралары;
- аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану, репродуктивті денсаулықты сақтау;
- психикалық денсаулықты қорғау, темекі шегуден,нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, құмар ойындарға емделуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің алдын алу);
- профилактикалық тексеріп-қараулардың нәтижелері бойынша оқушыларды тереңдетілген медициналық тексерулерге жіберу;
- Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жасау;
- жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шұғыл болған жағдайларда алғашқы көмек көрсету, аурулардың алдын алу бойынша оқыту іс-шараларын өткізу;
- балалардың денсаулығын қорғауға ата-аналар мен педагогтарды тарту;
- санитарлық ережелердің талаптарын сақтау;
Медициналық қызметтің көрсетілу шеңбері?
Оқушылар мен тәрбиеленушілерге мектептердің, балабақшалардың және басқа да білім беру ұйымдарының медициналық пункттерінде ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі, яғни мектептерге қызмет көрсететін емханаларға бұл қызметтер мемлекет тарапынан төленеді.
Мектеп медицинасының жұмысын кім ұйымдастырады?
Оқушыларға медициналық көмекті мектеп аумақтық түрде жататын емхана көрсетеді. Мектеп медицинасының қызметін ұйымдастыруға жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жауапты болады.
Пункттердің жұмысы қалай құрылады?
Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері жыл сайын оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды, профилактикалық егулердің, профилактикалық тексерулердің кестесін жасайды және оқушыларды уақтылы диспансерлеуге бақылау жүргізіп отырады.
Балаларға арналған профилактикалық егулерді және кәсіби тексерулерді білім беру ұйымының ғимаратындағы емханалардың мамандары жүргізеді. Ол үшін емхананың жауапты қызметкері мамандардың мектептерге шығу кестесін жасайды.
- ЕКПЕЛЕР
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін емхана қызметкерлері мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне екпені оқу орнының медпунктінде жасайды. Екпе салғаннан кейін медбикелер егілген балалардың жағдайын бақылайды. Егер оларда екпеге деген реакция байқалса, онда балалар дереу медициналық көмек ала алады немесе жағдайына байланысты оларды емханаға не ауруханаға жібереді.
- ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
Мектеп жасындағы балалар арасында профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тиісті Қағидаларда жазылған белгілі бір кезеңділікпен жүргізіледі. Ол үшін емхананың бейінді мамандары мектепке барып, онда балаларды кәсіби тексеруден өткізеді.
- ШҰҒЫЛ КӨМЕК
Медициналық пунктте өткір және созылмалы аурулар, жарақаттар кезінде шұғыл көмек алуға болады. Айта кетейік, баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда дереу шұғыл шаралар жасалу қажеттігін ескере отырып, шұғыл медициналық көмек ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз көрсетілуі мүмкін екенін түсінген абзал.
Балалар – бақылауда
Медициналық ұйымдардың өздері мектеп медицинасының жобасын өте өзекті және пайдалы деп санайды. Сонымен қатар, білім беру нысандарына мемлекеттік емханалар да, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдар да қызмет көрсете алады.
Мектептердегі медициналық пункттер балалардың оқу жылы аясында медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы және уақтылы медициналық көмек алуы үшін құрылғанын.
Бірақ, кейбір аурудың түрлерін тексерулер мен емдеу баланың жағдайына байланысты тікелей клиниканың өзінде болады.
Барлық балаларға зор денсаулық және үздік оқуды тілейміз!
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу