“БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Орал жастары» мен ҚазИИТУ ғылым-білім кешенінің бірлескен «Білімділер додасы» зияткерлік ойынның арнайы түсірілімі ұйымдастырылды. Зияткерлік ойынның бұл додасы «Қала күніне» арналды.

Көрерменнің көзайымына айналған дәл осы жоба шаһар мерекесінде барша қала тұрғындарына, жалынды жастарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Білімділер додасы» зияткерлік ойынының қала күніне арналған арнайы жобасында тартысты ойын өрнегін көрсетіп, ақыл-ой додасында жүйрік екенін дәлелдеген 9 команда бақ сынап, 3 команда финалға жолдама алды.
Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды Азамат Аленов жетекшілік ететін 9-топ иеленсе, екінші орынға Әсет Сұлтанұлы жетекшілік ететін 4-топ қол жеткізді.
Ал доданың бас жүлдесін Мерген Қуанышұлы жетекшілік ететін 3-топ иеленіп, жеңімпаз атанды. Аталмыш топтың ойыншысы Лариса Бердіғалиева «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.
Жобаның қорытынды кешіне арнайы барған Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысушыларға алғысын білдіріп, жобаның қоғамға қажет екенін жеткізді. Қатысушы топтарды жеңістерімен құттықтап,естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу