ӘСКЕРИ ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Орал шаһарында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде әскери отбасылар арасында «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» атты спорттық сайыс өтті.
Айтулы сайыста әскери отбасылардың 6 командасы бақ сынасты. 7 кезеңнен тұратын сайыста бағын сынаушылар үлкен белсенділік пен қызығушылық танытты. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің топ аттары мен ұрандарын, отбасылық ұстанымдарын айтты.Сондай-ақ, таныстыру барысында ерекше көзге түскен Әжіғалиевтер отбасының отағасы Жеңіс, өзінің отбасын домбырада арнау өлең шумақтарымен айтып таныстырып, әсем әнімен көркемдеді.С
«Дені саудың — жаны сау» кезеңінде отбасы мүшелері спортпен айналысатындықтарын көрсетіп, «Білімділік» кезеңінде қазақтың тарихын, мәдениетін қаншалықты білетіндіктерін танытты, ертегілер мен мультфильмдер әлеміне де саяхат жасап қайтты.
Жарыс қортындысы бойынша әрбір отбасы белгілі бір номинация бойынша жеңімпаз атанып, ынталандыру сыйлығымен Р.Хамидулин, Х.Дүзбатыров, Қ.Кеңесов отбасылары марапатталды. Ал жүлделі 3 орынды Ж.Әжіғалиевтер отбасы, 2 орынды С.Жарғалиевтер иеленді. Жүзден жүйрік шығып, тапқырлығымен 1 орынды 1 атқыштар ротасынан қатысқан А.Нығметолланың отбасы иеленді.
капитан Әубакир ЕРТУҒАН, Орал
Версия для печати
Пікір үстеу