БҚО-ДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА
Өткен тәулікте вакцинаның I компонентімен 194 адам егілді.
Вакцинациялау басталғаннан бері вакцинаның I компонентімен 211 309 адам егілді, бұл вакцинациялауға жататын халықтың 58,6 пайызын құрайды. Ал екі компонентін 179 228 адам алды. Бұл вакцинациялауға жататын халықтығ 49,7 пайызы.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 24-00-06 вакцинация мәселелері бойынша call-орталық жұмыс істейді.
Сонымен қатар сіз егу пункттерінің, ПТР-зертханалардың мекенжайларын, рентген кабинеттерінің жұмыс кестесін, КВИ диагнозы расталған амбулаториялық пациенттерге берілетін тегін дәрілік заттардың тізбесін және басқа да пайдалы ақпаратты stopcovid.kz сайтынан табуға болады.
12 қыркүйек күнгі жағдай бойынша тәулік ішінде 69 адамнан Covid-19 анықталды. 70 адам жазылып шықты.
1373 адам аумбулаторлық ем алуда, 41 науқас реанимацияда, 5 адам реанимация бөлімшесінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу