8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2021 1769 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО АУМАҒЫНДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ҚАУЛЫҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бұрын сауда үйлері «Ashyq» қосымшасымен сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары 00.00 сағатқа дейін жұмыс жасаса, жаңа қаулыға  сәйкес өздерінің бекітілген жұмыс уақытына сай қызмет ете алады. Фудкорттар «Ashyq» сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары сағ. 00.00-ге дейін жұмыс жасаса, енді бұлар да өздерінің жұмыс кестесімен жұмыс істейтін болады, Қоғамдық тамақтану орындары «Ashyq-пен» бұрынғыдан 2 сағатқа артық жұмыс істейді, Театр, Кинотеатрлар «Ashyq-пен» сағ.9.00-ден 22.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары сағ. 00.00-ге  дейін жұмыс жасаса, енді «Ashyq-пен» 9.00-ден 00.00 сағатқа дейін, ал «Ashyq» көшбасшылары өздерінің жұмыс уақытына сай қызмет ететін болады.

Сондай-ақ қаулыға жаңа тармақ қосылды. Енді жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 қаулысы талаптарын сақтай отырып, оффлайн режимде өткізуге рұқсат берілді. 

Қаулы 13 қыркүйек күні күшіне енеді.

Қаулы мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабы 2,3,4,7 тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын,  «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары енгізілсін.
  2. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдар және кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары, БҚО Кәсіпкерлер палатасы, меншіктіңбарлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері:

1) Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;

3) ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 қаулысы алгоритмінің талаптарын сақтай отырып, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды дәстүрлі форматта өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда) рұқсат беру;

4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларынқоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

5) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы  №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысының талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып оқыту;

6) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа жіберуді шектесін. Ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы:

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – ҚР БМСД) 26.08.2021ж. №37 қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарау және қатысушылардың тізімін әкімдікке жіберу;

– жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізу;

– кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ashyq»қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.

  1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

– ҚР БМСД 26.08.2021ж. №37 Қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Қоғамдық көліктер ҚР БМСД 02.09.2021ж. №38 Қаулысы талаптарын сақтай отырып жұмыс жасайды (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, отыратын орындар саны бойынша толтыру).

6.Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

– ҚР БМСД 26.08.2021ж. №37 Қаулысына сай «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 Қаулысына сай қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салу;

– осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер белгіленген жұмыс кестесіне сай жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынсын;

  1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының және аудандарының әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– ҚР БМСД 26.08.2021ж. №37 Қаулысына сай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» пилоттық жобасын енгізуді;

-ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 Қаулысымен белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

– шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;

– бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

– шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

– InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД 02.09.2021ж. № 38 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін бақылауды;

– Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша объектілерде күндізгі және түнгі уақытта мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

– персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

– үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

– келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

– үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

– үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

– келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

– жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. 9. Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

– Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– ҚР БМСД 26.08.2021ж. №37 Қаулысына сай «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылау:

– рұқсат беру құжаттары жоқ (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама), тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға жол бермеу мақсатында ҚР БМСД 26.08.2021ж. №37 Қаулысына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін қарау сатысында келісу;

– «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтмасыз етсін;

– халықты  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылау;

– әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

– карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалау;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

– тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

– инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

– халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;

– COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;

– санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығын, Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

  1. Медициналық ұйымдардың басшылары меншік түріне қарамастан:

– COVID-19-бен ауыратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығына сәйкес, COVID-19-бенауыратын науқастардың, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулауды сақтау шарттарын міндетті түрде орындауы туралы қолхатын тапсыра отырып, үйде оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы хабарлау жүзеге асырылсын.

  1. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

– расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған айналасындағы адамдар мен асимптоматикалық ағымы бар адамдардың (тасымалдаушылар) үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;

– COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету.

  1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау;

– облыста пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;

  1. 14. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.

15.Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:

– 2021 жылғы 11 тамызындағы №19 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы»;

– 2021 жылғы 27 тамызындағы №20 «Батыс Қазақстан облысы аумағында 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулыларының күштері жойылсын;

  1. 16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. 17. Осы қаулы 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары                                                   Н.Е.Мустаев

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
66 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
282 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
772 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1077 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1509 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2125 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2293 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2299 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2349 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2354 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1993 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2835 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2889 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2882 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3492 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3464 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3451 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3429 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3592 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3638 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»