8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2021 1191 0
Қоғам

БІЛІМГЕ ҰШҚАН ҚЫРАН ҚҰС

«Келешек күнде қағазға
Алтынмен жазар атыңды».
Мағжан Жұмабаев.

Армандап аңсаған шақтың алғашқы сәттері де басталып кетті. 1988 жыл. Қыркүйектің он үшінші жұлдызында қою бұлт арасынан сылаң етіп шыға қалған Күн көзіндей жүзі жадыраңқы ұстаз алшаң басып, 16-аудиторияға кіріп келді. Әп-сәтте студенттердің гуілдеген үні сап тиылып, кең бөлме ішінде сілтідей тыныштық орнады.
«Сен жанбасаң лапылдап,
Ол жанбаса лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?!»
Атақты академик Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабындағы осынау жолдарды үздіксіз оқи жөнелгенде студенттер таңдана тыңдады. Сол кезден бастап оқытушы-доцент Серікқали Шарабасовтың лекциясын кім-кім де асыға күтетін болды. Ол шәкірттерді өнерге, әдебиетке, іңкәр сезімге баулыды. Аспанда емін-еркін ұшып жүрген көгершінге қалай қызыға қарасақ, ұстаздың да әр қимылына, суырылып салма тіл өнеріне елеңдей қарап, сырлы сөзге толы лекция дәптерін күндіз қолымыздан, түнде жастығымыздың қасынан табушы едік.
Иә, айта берсек, шын көңілден туған шынайы шақтардың белгісі естен кетер ме? Бәрі де жүрекке тым жақын жатталып қалыпты. Дәл қазір ұлағатты ұстаздың бізге, өскелең ұрпаққа сыйлаған жылы сәттерін айтып жеткізу мүмкін емес. Тек, сәулесі сөнбес сол бір кез санаңда мәңгілік тұра беретіндей. Сондықтан шығар, ұстаз еккен әрбір гүл суалмай, бәйшешектей бұрала өсіп көптен естімеген дарынды үнге, кәусәрің қанбас ғажайып білімге жетелеп, сағыныш шамын жағады.

Бұрынғы А. Пушкин атындағы Орал пединституты,кейін аты өзгерген Орал гуманитарлық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, декан Серікқали Шарабасов еңбек десе ішкен асын жерге қоятын, қарапайым да білімді, ақылды да дарынды адам. Қашан келсеңіз де айқара ашық жұмыс бөлмесіне емін-еркін кіріп шығып жүретін студенттерді көресіз. Олардың мазасыз ойларын тыңдап, қуанса қуанып, мұңайса мұңаюдан ұстаз да бір уақ жалыққан емес. Керісінше, сахараның шөл даласынан келген қаракөз қазақ балаларын бауырына тартып, олардың ішкі жан-дүниесін түсініп, ортақ тіл табысып, бойында титтей қабілеті барларын өнер сахнасына жетелеп жүреді. Бұл жаманға біткен жалпақ өркөкіректіліктен бойын аулақ ұстайтын декан Серікқали Қабдешұлының биік азаматтық адамгершілігін танытады. Бақ пен бақыттай бір басына қатар қонған декандық пен проректорлық қызметті көп жылдан бері алма-кезек атқарып келе жатқан ағамызға сөз орайының сәті түскенде: «Сіз проректор бола қалсаңыз, көп кешікпей қайтадан декан боласыз. Сізді бүгін проректор деп естісек, ертең декан деп естіп жатамыз. Осы екеуінің сыры неде?» деп сұрасақ: – «Жиырма жылдан астам Орал университетінде оқытушы болсам, оның ішінде бес жыл сырттай оқу бөліміне проректор, алты жыл филология факультетінде декан, екі жыл тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болғаным рас. Өзіңіз айтқандай, бір ай декан, бір ай проректор болып жүре береміз» – деп күле жауап береді талай жыл бастық болса да бастықпын деп сезініп те, сезіп те көрмеген әз-аға!

Ұлағатты ұстаз Серікқали Шарабасовтың негізгі мақсаты мұғалімдік борышты жақсы сезіну және білікті де өнерлі студент тәрбиелеу. Біріншіден: жоғарғы оқу орнына білікті шәкірт түссе, екіншіден: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп Ұлы Абай айтқандай, терең білім, мөлдір сезімді игерсе, үшіншіден: студент өз бетімен оқып ізденсе, төртіншіден: студент кітаптан бас алмайтын, түксиіп қатып қалған кітаби білімқор емес, «сегіз қырлы, бір сырлы болса» дейді Серікқали аға толғанысы мен арманын осылайша ағытып. Ол оқытушы ретінде де институттағы кейбір жұмыстардың олқылығына іштей өкінеді. Біздің жоғары үміттегі оқытушыларымыз күнделікті сабағын береді де үйіне тартып отырады. Түс ауа кең оқу залы, кабинеттер қаңырап бос қалады. Оның студенттер үшін зиян екенін біле бермейді. Күні ертең мектепке барған жас маман класс жетекші ретінде түк іс тындыра алмаса, бұған кім кінәлі? Осыдан жақсы ұстаз қайдан шығады? – деп қынжылады көңілін көлеңкелеген күйсіз күндерге күмілжи қарап.

Филология факультетіндегі білім алып жүрген әрбір студент қоғамдық жұмыстарды екінші борышым деп санайды. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, ұйымдастыру жұмыстарына келгенде алдына жан салмайтын декан Серікқали Шарабасовтың бүгінгі жеткіншектері де елгезек, жанып тұрған жастар. Жатақхана студенттерімен кешкілік көше тәртібін қадағалау, ақсап жатқан тіл қоғамына белсенді араласу, қарақшылардың қолынан қаза тапқан аяулы студент Алтынай Жұмағазиеваның қазасына байланысты сот, прокуратураға қарсылық білдіру, облыстық қазақ драма театрының қабырғасын қалауға атсалысу , Абай ескерткішіне қарлығаш қанатымен су себу, Семей-Невада қозғалысы бойынша Рейганға хат жазу, кәрі зейнеткерлерді қамқорлыққа алу сияқты толып жатқан игі істерге ұйытқы бола білу екінің бірінің қолынан келе ме?! Бұл тәрбиенің басы-қасынан жалғыз өзі шырылдап жүретін Шарабасовты ғана көре аламыз.

Қазақ әдебиеті кафедрасындағы академик Қажым Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік туралы айтудың өзі – бір тарих. 1991 жылы он бес жылдық мерекесін атап өткен «Шынар» әдеби бірлестігінің өнегелі жемісі – сөз жетпес бір төбе. Мен осы «Шынар» бірлестігін ұлағатты ұстаздың қалауымен басқарып, институттың қоғамдық жұмыстарына мидай араластым. Үйренгенім де көп. Сол кезде Алматыдан Оралға сапарлатып келетін жазушы-ғалымдар, суретші-әртіс, жағырафия-эпилог, тіпті спорт шеберлеріне дейін біздің бірлестіктің арнайы қонағы болатын.

Осындай қоғамдық жұмыстары қол байлау болса да, Серікқали Қабдешұлы ғылымнан қол үзбеді. Ол отыздан атсам әдеби-сын мақалалардың авторы, 1977 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Әдемілік пе, әлде әдейілік пе?» атты мақаласы күнінде заңғар жазушы Ғ.Мүсірепов, Денсаулық сақтау министрі Т.Шараманов шығармаларымен бірге лауреат атанды. Бұл мақала-монографияларды М.Балақаев, Қ.Әдібаев, С.Бақбергенов, Д.Досжановтар ерекше атап өтсе, көркем әңгіме саласында М.Әуезов, С.Мұқанов, Т.Әлімқұлов, С.Мұратбеков, О.Бөкейдің әңгімелеріне жазған таласты да ғылыми мақаласы әдебиеттің биік шыңына көтерілді. Бүгінде «Қазіргі көркем әңгіме» атты монографиясы әзір тұр.

Талантты ұстаз ертеректе ҚазМУ-да өткен бір жыл аспирантурасын бір ғасырға балайды. Ол профессор Т.Нұртазин, Т.Кәкішев, К.Сүйіншәлиев, Р. Нұрғалиевтардан үлгі-өнеге алғандығын, қазіргі әдебиеттегі белгілі ғалымдар Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбеков, Е.Бисенғалиев, М.Үмбетаевтармен бірге оқығанын мақтан тұтады.

Адамдықтың ақ жібін ала аттамайтын, тура мінезді, айтқанынан қайтпайтын бір беткей жан туралы жаңсақ пікірлер де айтылмай қалған емес. Көптеген адамдармен оппозицияда жүретін ұстаз жоғарғы оқу орнын жартылай үш деген бағаға бітіріп, институт-университеттерде «кездейсоқ жұмыс істеп қалатындарға» жаны қас. «Мұндай оқытушы» студентті 4 пен 5-ке қалайша оқыта алады деп шарқ ұрып шындық іздеп, әріптестерімен пікір таластырады. Сондай-ақ, өзі оқып-өнген Орал педагогикалық институтының заман талабына сай университет атанып, биікке көтерілгеніне де ұстаз жүрегі елжірей қуанады.

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, жақсылық пен ізгіліктің сөнбес жолдарына толы абыройлы ұстаз өмірі жұлдыздай жанып-ақ тұр! 1964 жылы тамыз айында қазақ тілі мен әдебиетіне аңсары ауған бозбала жалғыз өзі жалаңаяқ жолмен ақжелкен арман қайығына мініп, бірден студент атанады. Теңесең теңеуі жетпес студенттік кезінде доцент А. Қадырберген, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, М.Жолдықайырова, білгір тілші Ш.Жұмағазиева сынды ұстаздар білімімен сусындап, шөлін қандырады. Жігіттік шақтың қажыр-қайраты бойында қайнап, қазір өзі тізгінін ұстап жүрген әдеби бірлестікте, «Прометей» құрылыс отрядында жетекшілік етеді. Қызуы мен қызығы мол дәуреннің дәм-тұзын ақын А.Нәріков, Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық университеттің кафедра меңгерушісі С.Қаңтарбаев, Шыңғырлау оқу бөлімінің бастығы Б.Сапаров сияқты ақжарқын достарымен бірге бөліседі.

Алғашқы еңбек қадамын облыстық «Орал өңірі» газетінен бастап, оқырманға ойлы мақалалар қалдырса да, жүрекке жүрмейтін әмір ме, кім білсін, өміріне өшпес із қалдырып келе жатырған «ұстаздық мамандық» оның еншісіне тиіпті. Бәлки, сан-алуан шәкірттің бақыты шығар?! Өз ұясына қайта келіп, қарлығаштарына қанат бітірген ұстаз Серікқали Шарабасовты – өз жолын, өз тағдырын адаспай тапқан «нағыз бақытты ұстаз» десек, байырғы білім шаңырағының үлкен-кішісі де дәл осы сөзді бас шұлғып, растайтындай! Міне, нағыз ұстаз бақыты деген осы шығар?!

Арнасынан асып-төгілген шуақты сезім қалың ой жетегінде барады. Ұстаз жайлы толқу мен толғаныс жүрегімді тербейді… Студент кезден бері алыстап кеткен ақ таңдар жаны жомарт, ойы сергек, сөзге шешен ұстаз әңгімесін тыңдай беруге асық. Жарты ғасырдың жарқын сәттері таусылар ма?! Жастықтың жасыл желегі, көз тоймас жансыз бейнесі – әр жүректе мәңгі жатталып қала беретіндей! Көңілдің күмбір күйі адамгершілік пен адалдықтың ақ туын желбіреткен асқар таудай ардақты ұстазға шексіз бас иіп, моншақтай мөлдір жырды себелеп барады.

Адалдықтың ақ жолын дара басып,
… Келесіз сан шәкірттің көзін ашып.
Жатталған мың жүректе бір есім бар:
«Ол – ұстаз, Серікқали Шарабасов».
Жетелеп болашақтың баспалдағы,
Білімнің нұрын себу – басты арманы.
«Талантты ұстаз» болып танылдыңыз,
Бұл да бір бақыт құсы-ау аспандағы!
Елудің қадам басып белесіне,
Жүріңіз, жайсаң аға – ел есінде!
Ақжайық атырабы тойлап жатыр,
Көтеріп бүгін Сізді төбесіне!
Көтеріп бүгін Сізді төбесіне!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
«Жайық үні» газетінің арнаулы тілшісі.
15 тамыз 1996 жыл. (мақала ықшамдалып алынды)

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
67 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
139 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
368 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
851 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2204 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2376 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2427 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2431 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2051 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2911 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2965 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2959 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3540 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3531 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»