8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Тамыз 2021 1360 0
Қоғам

ВОЛОНТЕРЛАР 60 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

1 – қыркүйек білім күніне орай Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өтіп, 60 мектеп оқушысына көмек көрсетілді. 

Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, этномәдени бірлестік төрағалары, Ақжайық жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты.

Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру.

–   Достық үйінде айына бір рет осындай іс-шаралар өтіп тұрады. Жылдың басынан бері 1000 ға жуық отбасыға көмектестік. Бүгінгідей сөмкелер ғана емес балаларға киімдер, мұқтаж отбасыларына арналған керекті заттар сияқты материалдық көмек көрсетілді. Әрқашан басқа да қолдаушылармен бірігіп қайырымдылық шараларын жасаймыз, – дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Волонтер орталығының басшысы Элгун Джаналиев.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»