ОРАЛДА «ӨНЕР БАРЫСЫ» ӨТТІ
Қазақтың ұлттық спорт түрінің бірі де бірегейі қазақ күресі үлкен сұранысқа ие. Осы орайда, 27 тамыз күні «Жастар» стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі қауымдастығы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен «Өнер барысы – 2021» атты қазақ күресінен ашық турнир өтті. Мәдениет қызметкерлері арасындағы турнирді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастырды.
Аталмыш турнирге қалалық және аудандық мәдениет қызметкерлері жалпы саны 10 команда бақ сынады. Турнир алты салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы, Казталов ауданы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы, Шыңғырлау ауданы және Орал қаласы командасы және БҚО мәдениет командасы боз кілемде мықтыларды анықтады. Ұйымдастырушылар атапөткенде, жарыстың басты мақсаты Ұлттық спорт түрлерін дамыту,Ұлт намысын ұлықтау, мәдениет және өнер қызметкерлерінің қазақ күресіне деген қызығушылығы мен құрметін арттыру.
Спорттық шара қатысушылары мен жанкүйерлерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және Ата Заң мерекесімен құттықтап, ата-бабадан жеткен ұлттық өнерді ұлықтаудың маңызын атап өтті.
– Күрес өнері – ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан өнер. Біз Атыраудан Алтайға дейін, Арқадан Жетісуға дейінгі жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан біздің бойымызда күш-жігер болмауы мүмкін емес. Өзінің күшімен қазақты әлемге танытқан Қажымұқан атамыз, күрес спорты бойынша қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз – осы сөзіміздің дәлелі. «Жігітке жеті өнер де аз» деп қазақ халқы тегін айтпаса керек. Сахнадағы өнерлерімен көпшіліктің қошеметіне бөленген мәдениет саласының қызметкерлері бүгін өздерін басқа қырларынан танытқалы тұр, – деген Ерлан Ерсайынұлы қатысушыларды жігерлендіріп, сәттіліктің серік болуын тіледі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров қазақ күресі – ұлттық брендіміз екеніне басымдық беріп, спорттың бұл түрі елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де танылып келе жатқанын мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ өңірдің бас спортшысы жарысқа қатысатын балуандарға – сәттілік, бапкерлерге – шыдамдылық, төрешілерге – әділдік тіледі.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев атап өткендей, әр команда алты адамнан құралған. Жалпы 55 палуан алты салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
-Бұл «Өнер барысы» – республикалық жоба. Оралда бұған дейін 2019 жылы ұйымдастырылған еді. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласында да осындай турнир өтті. Біз де осы үрдісті жалғастырып, мәдениет қызметкерлері арасында қазақ күресін кеңінен насихаттауды көздедік, – деді Артур Мұратұлы.
Аталмшы жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Орал қаласының командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға 300 мың теңге ақшалай сый ұсынылды. 2 орынды Жаңақаланың өнердегі палуандарының командары еншілеп, 200 мың теңгені қанжығаларына байлады. Ал жүлделі үшінші орынға казталовтықта ие болды. Оларға 100 мың теңге табысталды.
Аталмыш дода да “Үздік техника” номинациясымен Д.Кайрлиев марапатталса “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясын Н.Байниязов иеленді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу