8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2021 1693 0
Қалалықтар қаперіне

ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ – ЖАҢА ҚАУЛЫ

Бүгін, БҚО мемлекеттік санитариялық бас дәрігері М.Арыспаев «Батыс Қазақстан облысы аумағында 2021-2022 оқу жылында білім беру  ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. 

Қаулы мәтіні төмендегідей:

 

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 25 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы (бұдан әрі – БҚО) аумағында 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.
  2. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі жағдайда оқыту:

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы  № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысының 1, 2 және 3-қосымшаларының талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;

– педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, 3 ай ішінде COVID-19 ауырған адамдарды қоспағанда);

-ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

– маска режимін сақтау;

– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

– педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып)жағдайларында оқыту;

2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту;

3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыру;

4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру;

5) шетелдік студенттерді:

– тұрғылықты елдің уәкілетті органымен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын өткендігін растайтын аңықтама/паспорт болған жағдайда;

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;

6) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына БҚО медициналық мекемелерінде практикалық оқудан өту үшін вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, сонғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып сауыққандарды қоспағанда) болған кезде  кіруіне рұқсат етуді;

7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;

8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:

– респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

– QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;

– COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

  1. БҚО аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

1) карантинді енгізуге сараланған тәсілді:

-сыныпта (топта) COVID-19ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;

– бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

-колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір лек топтарының 30%-дан астамы тіркелген кезде – лек 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

2) Барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу үшін БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберу;

3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;

4) аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларында жауапты тұлғаларын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауыратындармен жақын қарым-қатынастағы адамдарды анықтауға:

-осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;

– білім беру бөліміне;

– білім беру ұйымдарынажауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.

  1. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, БҚО аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, БҚО білім беру басқармасы, БҚО полиция департаменті:

1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;

2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;

3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім беру басқармасы (бөлімдері) мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.

  1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы:

– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы халықты хабардар ету;

  1. 6. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                          М.К. Арыспаев

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
55 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
273 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
764 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1072 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1501 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2117 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2284 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2291 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2339 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2345 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1987 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2825 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2881 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2874 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3456 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3442 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3420 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3630 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»