«АҚ ОРАМАЛ – АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ»
27 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында БҚО ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде, жылулық пен мейірімділікке, ашықтық пен қазақ халқының қонақжайлығына негізделген «Ақ орамал» – аманатқа адалдық» атты мәденИ-танымдық шара өтті.

Шараның мақсаты ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы әр азаматтың бойында бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы жолындағы жауапкершілігін арттыруға негізделген. шараны БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина шараны ашты.
«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Алиева Залина «Ана туралы жыр» әнін шырқады. Сахна төріне шыққан ардагер «Нарын сазы» вокалдық тобының жетекшісі Сария Еляева сөз сойлеп, Ақ орамал қазақ танымындағы киелі ұғым екеніне, ақ жаулықты әжелеріміз, ақ ормал таққан жеңгелеріміз әрдайым қазақтың бетке ұстар айнасы екенін, ұлттың арын да, өзін де сақтап қалатын ең бірінші қыздары екеніне тоқталды.
Осы шарада Габуллиндер отбасына жаңа келін болып түскен Айшырынға БҚО ҚХА облыстық Аналар кеңесінің төрайымы – Шалқыма Құрманалина Ақ орамал тақты. Ал жаңа отбасын құрып жатқан Әділет пен Айшырын Габдуллиндерге ардагер халықтық «Ағалар әуені» вокалдық топ мүшесі Серік аға бата берді. Сондай-ақ халықтық вокалдық топтың орындауында «Еділ мен Жайық» әні айтылды.
Орыс ұлтының өкілі, қазақ отбасына келін болған Наталья Алмағанбетова өз өмірбаянымен, қалай қазақ отбасына келін болғаны жөнінде әңгімелепберді. Ол да Ақ орамалдың қасиетіне тоқталып, күні бүгін бақытты, айрандай йып отырған отбасының отанасы болып отырғанын, баян етіп, Ақ ормалдың – бақ орамалға айналғаның айтты.
Шара соңында сөз алған БҚО ҚХА ішкі саясат мемлекет мекемесінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары – Ж.С.Ихсанова облыс деңгейінде Аналар кеңесі жұмысына белсенді қатысып, өз үлестерін қосып жұрген бір топ ардагер аналарға Алғыс хат, сыйлық пен гүл табыс етті.
Қатысушы аналарға БҚО ҚХА атынан Ақ орамал үлестірілді.
Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу