«АЛТЫН ҰЯСЫНЫҢ» АУЛАСЫН ЖАҢАРТТЫ
Кейінгі жылдары «Туған жерге туын тігіп», атамекеніне игі іс жасауға асыққан жастардың қатары артып келеді. Яғни мектеп түлектері өздері қанат қағып, ересек өмірге жолдама берген алтын ұя мектептеріне араға жылдар салып оралып, түрлі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдыруда. Бірақ көбінесе, мұндай ұйымшылдықты ауыл жастары арасынан байқайтынбыз. Жақында қаладағы М.Ықсанов атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектері «ыстық ұясына» оралып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептің ауласын төсемтас төсеп, бір жаңартты.
– Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығымен ақылдастық. Алғашында білім ұясынан грантқа іліге алмай қалған түлектеріне қолдау көрсетіп, оқу ақыларын төлесек деп ойлағанбыз. Алайда, ортақ шешімге келіп, күнделікті мектепке кіреберістің жарқырап жатқанын жөн көрдік. Осы игі бастамамызды қала мектептерінің өзге түлектері де жалғастырып, өсіп-өнген «алтын ұясының» бір кәдесіне жараса деген ой. Өйткені көбіне мектебіне ауыл түлектері ғана сый жасап жатқанын көреміз. Бұл дәстүрді қала мектептерін бітіргендер әлі жалғастыра алмай келеміз. Сондықтан бір сыныптың түлектері ұйымшылдықпен іске кірістік, – дейді құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрген 2001 жылғы мектеп түлегі Азамат ҚОСМУРЗИЕВ.
Айта кету керек, жобаның жалпы құны – 984 мың теңгені құрайды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу