НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ КЕЛІСТІ БОЛУЫ КЕРЕК
19 тамыз күні Орал қалалық сәулет, қалақұрылысы бөлімінің мамандары Н.Назарбаев, Абай даңғылы және басқа да көшелер бойындағы бірнеше нысанда болып, маңдайшаларды, жарнамаларды орналастыруға қатысты талаптарды түсіндіріп, ұсыным түрінде ескерту парақтарын берді.
Сәйкесінше, олар белгіленген 10 күн ішінде қасбеттің келбетін реттеп, жарнамалық үлгіні жергілікті уәкілетті органның келісімін алған соң орналастыруы қажет. Егер ескертулер ескерілмесе, тексеру ашылып, тиісті түрде шара қолданылады, яғни айыппұл салынбақ.
Мекенжайлық рейд кезінде жарнамалардың мәтініне де назар аударылды. Мамандар атап өткендей, жарнама мәтіні қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс, әрі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісілуі керек.
Ең бастысы меншік иесі ғимараттың қасбетін тиісті деңгейде ұстауға жауапты. Егер ақаулары болса, дер кезінде қалпына келтіруі, оның ішінде түнгі мезгілде жарықтандырылуын ескеруі тиіс.
– Абаттандыру ережесіне сәйкес, меншік иесі нысанға тиесілі аумақтың тазалығын, ғимараттың қасбетінің тиісті дейгейде болуын қамтамасыз етуі керек. Өткен жылы Назарбаев даңғылының дизайн-коды бекітілді. Соған сәйкес маңдайшалар, ақпараттық, жарнамалық құрылымдар қалалық сәулет, қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс. Ескерерлік мәселе – Назарбаев даңғылының бойындағы нысандардың көпшілігі архитектуралық мұра саналады. Сондықтан айрықша көзқарас болуы керек, – дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы Ботагөз Түстікбай.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу