ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ
Төрт аяқты көмекшілер жарылғыш заттарды, оқ-дәрі, қару-жарақтарды табу, есірткіні тасымалдаушылардың жолын кесу, із кесу секілді бағыттар бойынша қызмет атқарады. Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында жедел-тергеу тобы құрамымен бірге қылмыстық оқиғалар орнына барған қызметтік иттердің көмегімен 141 қылмыс ашылды.
Ертеңгілік жедел-тергеу тобы құрамында кезекшілікке түскен полиция қызметкері Александр Бреусов пен оның сенімді серігі – Мұхтар дамыл таппады. Орал қаласы Полиция басқармасының ғимаратына ентелей аяқ басқандары сол-ақ еді, қала орталығында орын алған пәтер ұрлығына қайта шығып кетті. Полиция қызметкері де, қызметтік ит те сапта ысылған, кез-келген дабылға дайын тұрады, лып етіп қызметтік көлікке жайғасады.
Алғашқыда Мұхтарға қауып алмасын деген қорқынышпен, үрейлене жалтақтай қарадық. Иесі емін-еркін жетектеп келеді. Оң қолын көтеріп еді, арсылдап үргенін тыйып, үнін өшірді.
– Менің досымның есімі – Мұхтар. Ол өте жас төбет. Кішкентай ғана ит. Әжептәуір үйренісіп қалдық. Мінезі – салмақты, – деп кинолог Александр мақтай жөнелді.
Түріне қарап, «қайдағы кішкентай ит?» деген ойға келдік, кәдімгі денелі дәу төбет, төбеңе дейін секіргелі тұр. Арсылдап үргенде алды-артыңа қарамай келген ізіңмен қаша жөнелгің келеді. Алайда, түр-түсі ашық, әдемі.
Кинолог, полиция аға сержанты Александр Бреусовтің полициядағы қызметі 2017 жылдан бастау алады. Кішкентайынан күшіктерге үйір, төрт аяқтыны жақсы көріп өсіп-жетілген Александр Викторовичтің қызметі де сол сенімді көмекшілермен бірлесе жұмыстанумен ұштасуда. Бұған дейін кинолог Александр Викторович белгиялық қабаған Молинамен түрлі қылмыстық оқиғалар орнына барып, із кескен. Күрмеуі қиын қылмыстар мен құқық бұзушылық фактілері Молинаның қырағылығы нәтижесінде ашылыпты.
Тәртіп сақшысы бұл жолы аз-кем уақыт аралығында Мұхтармен достасып үлгерген. Сенімді серігі көп ретте ұрлық пен кісі тонау оқиғасына барғанда, міндетті түрде күдікті құрықталады екен. Сонымен қатар адамдардың із-түссіз жоғалу фактілері де Мұхтардың иісшілдігі нәтижесінде ашылып отыр.
Итке қатысты «адал дос», «сенімді серік» деген сөз шындыққа жанасады. Жуықта Мұхтардың көмегімен пәтер ұрлығы ашылды. Оқиға орнына барған қызметтік ит іздерді қуалай, күдіктінің бой тасаламақ болып қашқан бағытын анықтады.
Ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды істерді атқарып жүрген кинологтар мен қызметтік иттердің алыпсоқтардың жұмыстары нәтижелі.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу