8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2021 1231 0
Қоғам

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева келді. Халық қалаулылары ең алдымен өңір тұрғындарының арасындағы жұмыссыздық мәселесіне назар аударды. Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының жүзеге асырылу барысын тексеріп, осы орайда бүгін жұмсақ және корпустық жиһаздарды дайындайтын «Квант» ЖШС фабрикасында болады. Өндіріс орнында қазіргі уақытта 1000-нан астам адам еңбек етеді, жақын уақытта іске қосылуы жоспарланған жаңа цех жұмысын бастаған кезде тағы 100 азамат жұмысқа қабылданбақ.

2021 жылғы қаңтар-мамырда облыстағы өнеркәсіп өнімі 1059,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 94,1 пайыз болды. Осыған байланысты экономикалық белсенді халықтың қатарындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 4,4 пайызды құрады. Есептік кезеңде 7852 жұмыс орны құрылды, 8107 адам жұмысқа орналастырылды. Еңбек өнімділігінің өсуіне жоғары технологияларға негізделген кәсіпорындарда өнім көлемінің ұлғаюы ықпал етті. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы ашылған жиһаз фабрикасында жыл сайын 22 мыңға жуық жиһаз өнімін шығарады. Фабрикадағы цехтардың жұмысы автоматтандырылған, десе де жыл санап кеңейіп келе жатқан кәсіпорында тұрақты негізде 100 жұмыс орны құрылады.Орал политехникалық колледжі студенттері өндірістік машықтан осы кәсіпорында өтеді. Тұрақты негізде жұмысқа қалып жатқандары да бар.

– Практикаға келген 30 шақты студенттің 7-8-і тұрақты жұмысқа қалады. Біз ашықпыз. Жұмыс жасауаға қызығушылық танытқан азаматтардың өнідіріс орнына келіп, танысуына болады,– деген серіктестік басшысы жұмыс қолы әрдайым қажет болатынын жеткізді.
Ал жуырда фабрика аумағында 2 млрд.теңгеге жуық сомаға жаңа цехтың ашылуы жоспарланып отыр. Италиядан құрылғылардың 80 пайызы жеткізілген. Тамыз айының соңына дейін қалғаны әкелінуі тиіс. Сонымен қатар польшалық мамандар келіп, цехтағы құрылғыларды тексеріп, іске қосып беруі күтіледі. Цехтың ашылуымен 100 шақты азамат жұмысқа алынады.

– «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылға атқарылатын іс-шаралар анықталды. Партия бағдарламасында жүзеге асырырылуы тиіс индикаторлардың бірі осы кәсіпорынның жаңа цехының ашылуы негізінде жаңа жұмыс орындарын құру болатын. Осы сапарымызда партияның бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына нақты көз жеткізуді мақсат еттік. Партия бағдарламасында көзделген мінжет цехтың салынуы ғана емес, соны ашу арқылы жаңа өндірістің құрылуы, жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл салық түсімінің артуына да ықпал еді. Салық түсімінің артуы әлеуметтік нысандарды салуда маңызды екені баршаға мәлім. Сол себепті осындай кәсіпорындардың көбеюін партия бақылауға алады, – дейді Светлана Имашева.

Жаңа цех іске қосылған соң, аумақта тағы бір нысанның құрылысы басталмақ. Бұл «ақылды қойма» болады. Цехтардан дайындалып шыққан өнімдер компьютерге енгізіліп, штрих-кодтары бойынша автоматты түрде осы қоймадағы сөрелерге қойылады.

– Қазір дайындалған өнімдерді қаланың әр шетіндегі үш қоймадан тиеп жүрміз. Оған қоса тапсырысты қоймадан іздеу жұмысы, оның дұрыс салынғанын бірнеше мәрте тексеру тағы бар. Осылай уақытты көбірек жоғалтып отырмыз. Яғни, күніге төрт көліктен артық тиеуге үлгере алмаймыз. Цифрлық жүйедегі қойманы салып, іске қоссақ, біз жұмысты жеделдетуге мүмкіндік алар едік. «Ақылды қоймада» тапсырысқа байланысты өнімді көлікке тиеу кезінде штрих-кодтары сканерленіп жүкқұжатқа сәйкестігі тескерілетін болады. Бағдарламашалыр жұмыстануда. Логистикалық орталықты іске қоссақ, 1 тәулікте 20 көлікке жүк тиеуге мүмкіндік болады. Өз өнімдеріміздің нарықтағы сұранысының деңгейі бізге мәлім, – деді Михаил Пшеничный.

«Квант» дайындайтын жиһаздар үшін шикізат Ресей мен Қытайдан жеткізіледі. Дайындалған өнімдер негізінен ел нарығына бағытталған. Сонымен қатар компания Қырғызстан, Армения елдерімен жемісті жұмыс жасауда.
Халық қалаулылары өңірдің бизнес нысандарын аралап қана қоймай, сондай-ақ азаматтармен кездеседі. Жиналған барлық өзекті мәселелер фракция отырыстарында көтеріліп, одан әрі қарау және ден қою шараларын қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
108 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
161 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
404 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
885 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1263 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1157 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1622 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2239 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2404 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2411 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2461 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2466 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2072 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2946 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2999 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2993 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3606 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3575 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3566 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3541 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3702 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»