ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ ЖАДЫМЫЗДА САҚТАЛАДЫ
Орал қаласының тұрғыны, азаматтық ұстанымы жоғары қоғам белсендісі болған Сәбила Жүнісова 73 жастан асқан шағында жарық әлеммен қоштасты. Қоғамдық жиындарда, әсіресе спорттық шаралардың бел ортасынан табылып, үлгі көрсете білген ардақты анамыз осы аптада жер қойнына тапсырылды.
Сәбила Нағиқызы 1948 жылдың маусымында дүниеге келген. Орал қаласындағы кооперативтік техникумды аяқтап, саудада жұмыс істеді, Жәнібек ауданының кооперациясын басқарды.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ белсенді өмір салтын жүргізді, 140 ардагерді біріктірген «Жәнібек» бастауыш ардагерлер ұйымын басқарды. Оның басшылығымен жұмыс бекітілген жоспарға және зейнеткерлердің сынескертпелері мен ұсыныстарын есепке алуға сәйкес жүргізілді. Адал және орындаушылық қабілеті жақсы қызметкер болатын.
Қаламыздың қоғамдық өмірінің маңызды бөлігі ардагерлер ұйымдарының қызметі. Олардың азаматтық белсенділігін арттыру, өз уақытында туған өлкенің экономикасы мен мәдениетін дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан қазіргі зейнеткерлерге моральдық және материалдық қолдау көрсету болып табылады. Сәбила Нағиқызы осындай жұмысты жауапкершілікпен жүргізе білді. Атқарған әлеуметтік жұмыс оның белсенді азаматтық ұстанымдарының табиғи органикалық көрінісі, оның жеке басын керемет сипаттайтын жоғары адамгершілік қасиеттері болды.
Өз ортасында сыйлы азаматша болған Сәбила Жүнісованың жарқын бейнесі жадымызда сақталады. Сәбила Нағиқызының отбасына, бауырлары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Марқұмның алдынан жарылқасын, иманы өзіне серік, жаны жәннатта болсын!
Облыс, қала әкімдігі, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу