СУ ҚОРЫН ҰЛҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
27 шілде күні «Батыс су арнасы» ЖШС-нда облыс басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында қалалықтарды сапалы сумен қамту бойынша жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуы талқыланды.
«Батыс су арнасы» ЖШС Жайық өзені және жерасты су көздері арқылы қала тұрғындарын тірішілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр. Қалалықтар, әсіресе, жаз айларында суды көбірек пайдаланады. Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, максималды жағдайда тәулігіне 70 мың текше метр су қажет.
– Бүгінде тәулігіне қос су көзі арқылы 60 мың текше метр су беріліп отыр. Тұтыну көлемі артқан жағдайда әлі 10 мың текше метрге дейінгі көлемде қажет болады. Жүргізілген зерделеу соңғы төрт жылда тұтынушылардың 6 пайызға көбейгенін көрсетті. Былтырғы жылы 16 млн. текше метр су тұтындық. Әр ай бойына тұтыну көлемін салыстырғанда ең максималды тұтыну шілде айында тіркелген – 1,8 млн. текше метр су халыққа берілді. Су тұтыну көлемінің артуына байланысты ауызсуды берудің шектеу шаралары қабылданғаны да жұршылыққа аян. Осыған байланысты кешенді жоспар аясында жерасты су қоры көлемін ұлғайту үшін Трекинде жаңадан алты ұңғыма қазу туралы тапсырма берілді, – деді Абат Шыныбеков.
Кешенді жоспар аясында жерасты су қоры көлемін ұлғайту үшін Трекинде жаңадан алты ұңғыма қазу туралы тапсырма берілген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі ЖСҚ дайындап, мемлекеттік сатып алу конкрусын өткізді. Жеңімпаз атанған мердігер «ПМК-117» ЖШС биылғы жылы ұңғымаларды қазу жұмысын бастап, келесі жылға аяқтауды көздеп отыр. Жоба жүзеге асырылған кезде тәулігіне қосымша 9 мың текше метр су тұтынушыларға жеткізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар өткен жылы жерасты су қоры бойынша 18 ұңғыманы қайта бұрғылау басталған болатын. Бүгінгі күні 12-сі бұрғыланды. Нәтижесінде жерасты су қорынан алынатын судың көлемі көбейді. Мәселен, былтыр Деркөл кентіндегі қос шағынаудан халқы Зашаған кенті арқылы сумен қамтамасыз етілсе, биыл тікелей тартылып отыр. Сондай-ақ былтырғы жылдың жазында Зашаған кентіне судың көлемі жетікізілмесе, биыл көбейтілген су көлемі осы кентке берілуде. Бұрғыланған ұңғымаларға қажетті сорғылар, басқару шкафтарын алуға қажетті қаражат бөлінген. Тағы бір мәселе – Зашаған кентінде жаңадан тұрғын үйлердің салынып, тұтынушылардың көбеюіне байланысты Серебряков жерасты су қорын көбейту жолдары қарастырылуда. Бүгінде Серебряковтан келетін су құбыры арқылы Круглоозерный, Серебряков, Меловые горки елдімекендері қамтылуда. Былтырғы жылы бір ұңғыма жөнделсе, биыл екі ұңғыма іске қосылмақ. Осылайша, алынатын су көлемі ұлғаяды.
Бұдан бөлек жиында «Батыс су арнасы» ЖШС басшысы Ә.Аркенов энергияны үнемдеуге және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға арналған бағдарламаны таныстырды. Бұл бағдарлама инженерлік құрылымдар мен инженерлік желілердің жұмысын автоматты қашықтан басқару жүйесін енгізу, магистральдық және тарату желілеріндегі гидравликалық режимді реттеу, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілеріне қосылу кезінде ережелер мен ережелердің сақталуын зерттеу шараларын қамтиды.
Жиынды облыс басшысы Ғали Есқалиев қорытындылап, халыққа суды жеткізу басты міндет екенін жеткізді.
– Алдын ала қойылған іс-шаралардың басым бөлігі орындалуда. Қосымша ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары арқылы Зашаған, Деркөл кенттерінде су қысымына қатысты мәселе шешімін табуда. Десек те, қаланың басқа шағынаудандары тұрғындары тарапынан су қысымына қатысты шағымдар бар. Ауа-райы көтерілген жағдайда су тапшылығын болдырмаудың жолдарын қарастыру қажет. Ең бастысы – халыққа суды жеткізу. Тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын бақылауда ұстауымыз қажет, – деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ өңір басшысы цифрландыруға көшу үнем жасауға мүмкіндік беретінін атап, осы орайда қашықтан мәлімет беретін автоматты құрылғыларды орнатуды жалғастыруды тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу