БҚО ӘКІМДІГІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАДЫ
БҚО әкімдігі биыл жергілікті бюджет есебінен 94 білім грантын ұсынбақ. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы жариялады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9, 11, 17 қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады. Оқу орындарынан конкурсқа өтініш 2021 жылдың 26 – 30 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.
№ | Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламасы тобының коды | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Грант саны |
1 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | 10 |
2 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 10 |
3 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 10 |
4 | 6 В022 Гуманитарлық білімдер | В033 | Дінтану және теология | 3 |
5 | 6В083Орман шаруашылығы | В079 | Орман шаруашылығы | 2 |
6 | 6В086 Су ресурстары және суды пайдалану | В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | 4 |
7 | 6В101 Денсаулық сақтау | В086 | Жалпы медицина | 50 |
8 | 6В021 Өнер | В028 | Хореография | 5 |
Барлығы | 94 |
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу