ТЕАТРЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының атынан Талдықорған қаласына тәжірибе алмасып, театрлар арасында байланыс нығайту мақсатында бардық. Алдымен театрға басшылық етіп отырған Руслан Исабекұлының қабылдауында болып, театр өнері мен саласы, медиадағы театрдың рөлі жайлы әңгіме өрбіттік.
XXXXV маусымын аяқтап отырған Бикен Римова атындағы драма театры жаңа заманауи ғимаратта жұмыс жасауда. Көрермен орны 510 адамға лайықталған театрдың жаңа ғимаратта екінші тынысы қайта ашылғандай.
Театрдың шымылдығы 1975 жылдың 4 қарашасында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымымен ашылды. Ал 2000 жылы өнер ордасына Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік премияның лауреаты Бикен Римованың есімі берілген. Тарихы жарты ғасырға таяған қара шаңырақтың қазақ театры тарихында ойып алардай орны бар. Өнер ордасы үлкен белестерден өтіп, елмен бірге дамыды, қоғамды да өсірді.
Пандемияға қарамастан театр кезекті маусымында 5 спектакльдің премъерасын өткізген. Жүректі сыздатып, көкіректі қарс айыратын шығармалардың бірі қайталанбас жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі Талдықорған театрының сахнасында сөйледі. Бір ғана «қорғансыз» сөзімен бір қыздың емес, тұтас ұлттың, халықтың жағдайын көрсеткен спектакльді Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жас та болса талантымен танылып үлгерген режиссер Фархат Молдағали сахналаған. Індет кезінде театрын сағынған жетісулық көрермен трагедияны жақсы қабылдапты.
– Бикен Римова театры 45 жылдық тарихы, өзіндік орны бар театр. Алдағы уақытта көрерменнің сұранысына сай спектакльдерді, адами құндылықтарды дәріптеп, адам жанына әсер ететін, ой салатын қойылымдарды сахналауды жоспарлап отырмыз. Ал тамыз айында Санкт-Петербург қаласынан режиссер Елена Кузина арнайы келіп, француз актеры, драматург Мольердің 400 жылдығына орай «Еріксіз емші» комедиясын қояды. Болашақта Жұлдызбек Жұмабай, қырғыз режиссері Ұлан Қырықбаев секілді режиссерлармен жұмыс жасау ойымызда бар. Қазан айында қазақ театры тарихында бұрын болмаған «Бес қару сахна шайқастары» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді бізбен әңгімесінде театрдың көркемдік жетекшісі Ерлан Кәрібаев.
Жетісу өлкесіндегі іссапарымыз театрдың жаңа премьерасымен тұспа тұс келді.
Театр артисі, ҚР Халық артисі Алмахан Кенжебекова мен «Парасат» орденінің иегері Кендебай Темірбайұлының 70 жылдық мерейтойына орай сахналанған Сұлтанәлі Балғабаевтың «Мәңгілік өмір – махаббат» әлеуметтік музыкалық драмасының премьерасын тамашаладық. Қойылымның қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек, қоюшы суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Карлығаш Шалабаева.
Әлеуметтік музыкалық винегрет жанрында ұсынылған спектакль ғұмыры мен өнерін театрға арнаған Жетісудың қос жұлдызының өміріндегі өнегелі сәттерінен көрініс береді. Көрерменнің көңілін көтеріп, махаббат пен сыйластық сынды киелі ұғымдармен қатар отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесі тақырыптарына терең бойлайды.
Динара НАСЫР,
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақпарат бөлімінің жетекшісі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру




Пікір үстеу