COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАРҒА ПТР ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУ МІНДЕТТІ
2021 жылдың 11 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың «Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымындағы №14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сай, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлерге жұмыс орнына келуге шектеу қойылды немесе олар әр 7 күн сайын ПТР-тестілеуден өтуі керек.
Қаулы мәтіні төмендегідей:
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы және 12-бабының 5-тармағын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің38-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын,104-бабы 2,3,4,7 тармақтарын, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысын, сондай-ақ «құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ-47 «Респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, covid-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тараудың 47, 48, 49-тармақтарынбасшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымындағы № 14 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.
2-тармақ келесі мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:
– COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін;
– ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу.
2-тармақ келесі мазмұндағы 8)-тармақшамен толықтырылсын:
Саябақтарда, жағалауларда, аландарда және скверлерде балаларға және ересектерге арналған көлік құралдарын (электромобильдер, педальді машиналар, скутерлер, картингтер, гироскутерлер және т.б.)жалға беруге тыйым салынсын;
- Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:
– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;
- Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы 2021 жылдың 11 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу