БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ КЕЗІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТАР ҮШІН КВОТАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына білім беру гранттарын бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл шара алғаш рет қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.
«Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың мемлекет есебінен білім алуына мүмкіндіктің көбірек болуы үшін жұмыс жүргізді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. Бұл ретте олардың ҰБТ нәтижелері шекті балға сәйкес келуі тиіс», – деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Сонымен қатар квота шеңберіндегі гранттар жетім балалар мен этникалық диаспора өкілдері үшін де бөлінген. Осылайша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы талапкерлер білім беру гранттарын беру кезінде басымдыққа ие болады. Мәселен, егер педагогикалық мамандықтарға 8 мыңға жуық білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1063 грант халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар үшін көзделген.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керектігін және талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аударуды тапсырғанын айта кеткен жөн.
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/227211?lang=kk
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу