8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2021 1964 0
Қоғам

ЗАШАҒАНДА ӨНДІРІСТІК ЖЫЛЫЖАЙ АШЫЛДЫ

            Зашаған кенті аумағында өңіріміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы іске қосылды.  Жылыжайдың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші   орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

  

– Орал жылыжай комбинаты – өңірдегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы.  5 гектар жерде жаңа жоба іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция  құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса,   жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды. Ең бастысы – алдымен қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыру, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығару.  Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс күшті, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде. Жылыжай голландиялық  технологияларды пайдаланып салынған,  өндірістік жылыжайлар кластері БҚО-да қалыптасып келеді. Ресми түрде 5 гектарлық жылыжай  ашылды. Жыл соңына дейін 10 гектар жылыжай ашылмақ. Онда мұндағымен салыстырғанда инвестиция көлемі де, жұмысшылар саны да екі есе көп болады. Жақында голландиялық серіктестеріміз келіп, жаңа жылыжай құрылысына кірісті, – деді Мұхтар Манкеев.

Өткен жылы іске қосылған жылыжайдың аумағы 5,6 гектар. Мұндағы қияр өніміне гидропоника технологиясы қолданылады екен. Арнайы су ұңғымасы бар және қаладан келетін суды үнемдеп пайдаланады.  Қияр +21 градус жылылықта өсірілуде.

«Жылыжай  бір ғана компьютермен басқарылады. Төбеде шағын метеостанса бар, соның көмегімен компьютерге желдың бағыты, күннің түсуі жөнінде ақпараттар беріледі. Соған қарай қажетінше төбе форточкалары ашылады, күн қатты ыстық болса, жабындармен жабылады. Бұл – толықтай автоматтандырылған, 4-буынды өндірістік жылыжай. Қиярды жергілікті сауда орындарынан, базарлардан табуға болады. Көктемгі өліара шақта Қазақстанның 9 өңіріне өнім шығардық.  Бізден Түркістан облысы да сатып алды» , – деді  «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның бас директоры Алмат Забихов.

Айта кету керек, жылыжайда алдағы тамыз айында екінші көкөніс түрі  қызанақты өсіру жоспарланып отыр.  Сондай-ақ жылына 3 мың тонна көкөніс өсіруге қауқарлы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»