8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2021 3119 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ДИНА НҰРПЕЙІСОВА АТЫНДАҒЫ САЗ МЕКТЕБІНДЕ МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы аясында, Ұлттық домбыра күні қарсаңында және дәулескер күйші, сазгер Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай Оралдағы  Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінде мұражай ашылды. 
Саз мектебінің негізі 1934 жылы қаланған. 1955 жылы мектепке Д.Нұрпейісованың есімі беріліп, 1977 жылы өнер ордасы жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда мектепте 1700 бала тәлім алады. Оларға 200-дей мұғалім домбыра, қобыз, фортепиано, хореография, театр өнері және т.б. бағыттар бойынша сабақ береді.
Мұражайдың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев құттықтау сөз сөйледі.
 — Мәдениетіміз бен тарихымызды еске салатын бірден бір шоқтығы биік өнер қашанда жоғалмайды. Осындай саз мектебінде мұражайдың ашылуы — күй өнерінде есімі қастерлі, аңыз адамға көрсетілген құрметтің бір белгісі. Игі бастамалар көбейе түссін, тарихымызға қатталар тағылымды дүниелер қатары арта берсін, — деді Ерлан Ерсайынұлы.
Мұражайда мектеп тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, музыкалық аспаптар, кітаптар бар. Жалпы, мұнда 250-ге тарта жәдігер қойылған.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»