8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Шілде 2021 2395 0
Қоғам

ЖӘҢГІР ХАН ТУРАЛЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛУДЕ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Бөкей хандығының соңғы ханы, қилы тағдыр иесі, тарихтан әлі күнге өз бағасын ала алмай келе жатқан Жәңгір хан Бөкеев туралы фильм түсірілмекші. Туындыға тапсырыс беруші – «Қазақстан» РТРК» АҚ.


Фильм екі маусымнан тұрады деп жоспарлануда. Биыл фильмнің 12 сериясы түсіріледі. Фильмнің режиссері – Бақыттас Сәнитас, продюсері – Шыңғыс Арманұлы.

– Фильмнің қаржысы бөлініп, ұйымдастыру жұмыстары басталып та кетті. Жәңгір ханның кіші отаны Бөкей ордасына арнайы келіп, тарихи мекенмен танысып жатқан жайымыз. Бұйыртса, бұл фильм тек саясат, хандық тарихты ғана емес, хан сарайындағы ішкі күресті, Жәңгір ханның тұлғалық болмысын арқау етпекші. Фильм сценарийі үш жыл бұрын қолға алынды. Сценарийге Арман Сқабылұлы, Жәмит Көшербаев пен Асқар Дүйсенбі жауапты. Бір емес, бірнеше нұсқа жазылып, сарапқа салынды. Фильм түсіру шілде, тамыз айларында қолға алынып, желтоқсанға қарай аяқтамақшымыз. Кастинг жарияланып, басты рөлдерге лайықтылар тек жұмыс тобымен ғана емес, тапсырыс беруші тараппен де бірігіп, таңдалады, – дейді фильм продюсері.

Режиссер Бақыттас Сәнитас жұртшылыққа «Тасөткел», «Теміртас» фильмдері арқылы жақсы таныс. Бұл фильм режиссер Бақыттас Сәнитас пен бас сценарист Арман Сқабылұлының алғашқы жұмысы емес. Бұл тандем бұған дейін көрермен қауымға «Жаным менің» сериалын ұсынған еді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»