Қазақстанда МӘМС мәртебесін өзектендіру үшін азаматтардың дерекқорына салыстыру жүргізіледі
Мемлекеттік органдардың өкілдері ведомствоаралық комиссия отырысында сақтандырылушы мен сақтандырылмаған халықты дұрыс бейнелеу мәселелерін талқылады.
Бүгінгі таңда шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты бойынша құжат алғанға дейін МӘМС жүйесінде кезеңді сәйкестендіруде мәселе бар.
ҚР-да тұрақты тұратын (тұруға ықтиярхат алған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат алған сәттен бастап төлемдер болған кезде сақтандырылу мәртебесі ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану жоқ (яғни адамның тұруға ықтиярхат алған күніне байланыстылығы жоқ) болғандықтан автоматты түрде берілмейді. Осыған байланысты жүйеде тұруға ықтиярхатсыз шетелдіктер болған кезеңдер үшін берешек қалыптасады және тиісінше олардан МӘМС жарналарын төлеу талап етілмеді (ЕАЭО мүше елдерінің азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінен басқа).
Осыған байланысты, Қорға ҚР ІІМ-мен бірлесіп, ықтиярхатты алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру үшін Қордың АЖ-ін ҚР ІІМ-нің АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, Қордың «Saqtandyrý» АЖ-да сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспайды және 4,2 млн адамға жетеді, өйткені ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТМДҚ) есепте тұрған, басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болған ҚР азаматтарының мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, «Бекітілген халық тіркелімі» және «Жеке тұлға «мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйелерінде қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткен адамдар бойынша сүзгіні белгілей отырып, процесті автоматтандыру тетігін одан әрі әзірлеп, мәртебелерді салыстырып тексеруді және өзектендіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу