8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2021 3385 0
Жалын

 «АТАМЕКЕН» ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Орал қалалық білім беру бөлімінің «Атамекен» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Кеше, 11 маусым күні І ауысымға 70  бала қабылданды. Жаз бойы мұнда 500-ден астам балғын демалыстарын қызықты өткізеді  деп күтілуде. 

«Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің ғимараттарының сыйымдылығы 220 орынға есептелген. Десе де санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, қала мектептерінен аз қамтылған, жетім, қамқорлыққа алынған, өзге санатты отбасы және оқу озаты мен дарынды 70 бала І ауысымға қабылданды. (Есептелінген орын 73 балаға жоспарланды)  Барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптар сақталуда.

Әр ауысым 10 күнге жоспарланған. Ауысымда балаларға лагерьдің тәрбиешілері арнайы қызықты бағдарлама дайындады. Оның ішінде түрлі танымдық шаралар,  қаламыздағы балаларға арналған демалыс орындарына, Жайық өзеніне, мұражайларға саяхаттар, белсенді демалыс – футбол және волейбол ойындары, командалық-спорттық  жарыстар, туристік ойындар, факультативтік курстар, жасанды тауға өрмелеу, Шаған өзеніне қайықпен серуен, спорттық бағдарлау жарысы, көңілді старт және үстел ойындары өткізіліп, би кеші  ұйымдастырылады.

«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Ақмарал Көркембаеваның мәліметінше, биылғы  лагерь бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Еңбек қызметі – Қолөнершілер, Танымдылық қызмет – Жас таланттар, Экологиялық қызмет – Қолданбалы экология, Спорттық – сауықтыру қызметі – Жас спортшылар, Ұлттық отансүйгіштік қызмет – Жас өлкетанушылар, Қауіпсіздікті сақтау – Жас қорғаушылар, Ғылыми- зетттеуші қызметі – Ғажайып әлем.

Лагерь барысында  оқушылар шатыр құруды, туристік құрал-жабдықтармен жұмыстана білуді, және бағдарлауды үйренетін болады. Сонымен қатар мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
109 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
189 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»