8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2021 4713 0
Дені сау ұлт

МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ УАҚЫТЫЛЫ ЕМ АЛДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көзделген медициналық көмектің барлық спектрін денсаулығын елеулі іркіліс туғызған кезде емхана мен стационарда алу қаншалықты маңызды. Мұндай күндері пациентке барынша назар аударылып, оған нақты диагнозды анықтауға көмектесу, дер кезінде тексерулер мен талдаулардың барлық көлемін тағайындау керек. 

Орал қаласының тұрғыны Базаргүл Ержанова өзін нашар сезініп, дәрігерлік амбулаторияның учаскелік дәрігеріне жүгінді және холецистит диагнозымен хирургтің қабылдауына жіберілді.

Дәрігер оны мұқият тексеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қарастырылған тексерулердің барлық спектрін тағайындады. ФГДС, бауырдың, ұйқы безінің УДЗ, бауырдың КТ, сондай-ақ барлық талдаулардан өтті. Осы уақыт ішінде дәрігер мен медбике пациентпен тығыз байланыста болды, бәріне көмектесті, сабырлық пен жақсылыққа бейімдеді.

Толық тексеру негізінде оны қажетті құжаттар мен талдаулардың толық пакетімен қалалық көпбейінді ауруханаға жедел емдеуге жіберді.

Қабылдау кезінде аурухана дәрігерлері емханада оны уақытылы және толық көлемде тексеріп, дер кезінде ауруханаға жатқызуға жібергенін айтқан.

Емхананың медицина қызметкерлерінің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында Орал қаласының көпбейінді ауруханасында хирургиялық құтқару көмегін уақытында алды.

Қалалық көпбейінді аурухананың стационарынан шыққаннан кейін Базаргүл Ержанова №1 қалалық емхананың хирургиялық бөлімшесінде есепте тұрады және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»