8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2021 21887 0
«Жайық үні» — 30 жыл

МАЙДАНГЕР ТОРҚАЛЫ 90 ЖАСТА!

«ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

 

 

 

Бұл біздің Айтбай ата! Менің ата – енемнің достары болған Ораз аға мен Құтты апаның аяулы әкесі! Атам Әділгерей Төлегенұлы мен мамам Мақпал Бақтыгерейқызы осы Айтбай атаны өте жақсы көретін. Көздерінің тірісінде Алтаевтар отбасымен мидай араласқан олар абыздың әңгімесін тыңдауға асығатын. Аяулы ата-енемнің және Құтты апаның арқасында Ұлы Отан соғысының ардагері Айтбай атамен бірнеше рет дәмдес болдым. Ерлікке толы, қилы-қилы тағдырға толы әңгімесін тыңдадым. Сұм соғыста көрген қиындығын жайып салатын қос жанарын жұмған күйі! Жады мықты қарияның тілінен бал тамып тұрушы еді! Сөзге шешен, ойы терең атай жайлы бір емес, екі рет мақала жазыппын 2010-2012 жылдары.
Қадірлі қария туралы белгілі журналист Темір Құсайынның да тұщымды мақалалары талай газеттерге басылды. Казталовка өңірінің тумасы болған, беріректе Оралға қоныс тепкен Айтбай Алтаев ұзақ өмір сүрді. Жан-жары Насиқа әжейдің орнын жоқтатпай, қыздары Құтты мен Құрметті, ұлы Ниетбай жанұясымен бірге асқар таудай әкелерін бағып-қақты. Тоқсанның төріне шығып, Астанадағы Ұлы Жеңістің шеруіне қатысып, «Тілегім – елімнің тыныштығы» деп о дүниеге аттанған абыройлы ақсақалдың өмір жолы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Автор

 

Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ерлігі үшін», «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің және «Германияны жеңгені үшін», басқа да жеңіс медальдарының иегері, қаламыздың қадірлі ақсақалы Айтбай Алтаев Жеңіс мейрамының 67-ші көктемін торқалы тоқсан жасында көргелі отыр.

– Айтбай ата, толғалы тұрған тоқсан жасыңыз құтты болып, ұзағынан сүйіндірсін. Қазір көңіл-күйіңіз қалай? ­– дедік ақсақалға Жеңіс мейрамы қарсаңында әдейі сәлем бере барып.

– Бес! – деді атай бас бармағын шошайтып. – Бұйырса, таяу арада 90 жасқа толамын. Қазір соған балаларым қызу дайындық үстінде. Мына екі көзден қатар айрылсам да әр күнімнің тыныш өтіп жатқанына ризамын. Мұның бәрі Елбасының, егеменді елімнің арқасы ғой. Әйтпесе, сұм соғыстан аман қалып, жауды ойсырата жеңіп, еліме келіп, ұрпақ өсіріп, немере-шөбере сүйіп, дәл осылай қатарымнан қалмай өмір сүремін деп сірә, ойлаппын ба?! – деп Айтбай ата ағынан жарылды.

– Соғыста қай жерде болып едіңіз? – деп және сауал тастадық көкірек сарайы ашық, әңгімесі түзу қарияға.

– Е, біраз жерді шарладық қой. Әсіресе, анау Воронеж облысы маңындағы бірінші Прибалтика құрамының атқыштар дивизиясында көп болдық. Соғыстың ең ауыр күндерін осы арада өткіздік. Қасымда өзім қатарлы көптеген жас жігіттер болып еді. Аттарын ұмытыңқырап қалыппын. Өзім қырық екінің сәуірінде әскерге шақырылдым. Әлі есімде Ресей жаққа бет алдық. Сөйтіп Ресейдің Челябі облысының Троицкі қаласында болдым. Мұнда кіші командирлер даярлайтын қасқа мерзімді оқу бар екен. Сонда оқып, жаттықтырады. Тап осы жерден бізді Воронеж жаққа алып кетті. Кейін Балтық елдерін азат еттік. Тіпті Шығыс Пруссияға дейін бардық. Ақыры қырық төрт пен қырық бесінші жылдары жауды Батыс Германия жеріне дейін қуып, сол маңда сұм соғысты тәмамдадық. Жауды түбегейлі жеңдік. Бірақ мен туған еліме кешігіңкіреп оралдым. Латвия жерінде жаңадан әскерге алынған жауынгерлерді даярлауға қалдым. Онда рота старшинасы, сосын нұсқаушысы болдым. Сөйтіп 1946 жылы ғана Қазталовкіме келдім, – деп атай біраз уақыт үнсіз қалды.

Қазталовка. Әрине, атайдың жарты ғасырдан астам өмірі өткен жер бұл! Қызығы мен қиындығына куә болған жерұйығы! 1922 жылы Қазталов ауданында дүниеге келген Айтбай Алтаев туған ел төсінде біраз жылдар еңбек етті. Абыройы мен беделі артқан азамат атанды. Түрлі лауазымдық қызметтердің тізгінін ұстады. Аудандық атқару комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, мемлекеттік сақтандыру, жол бөлімі саласында бастық  болып, елінің өркендеп, өсуіне сүбелі үлес қосты. Құрметті демалысқа 1986 жылы шыққан Айтбай аға бұған дейін Бозоба, Қазталов ауыл кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Сол кездері Қазталов ауданының бірінші хатшысы болған Рахметолла Сүйірбаевтың ұсынысымен нарық заманына қарай ашылған базарға директор да болды. Осылайша, келер ұрпаққа өнегелі із қалдырған Айтбай Алтаев заманның ағымымен Орал қаласына қарай қарай қоныс тепті. Әйтсе де талай істің басы-қасында болған елге сыйлы азаматты бүгінде ауылдастары мақтан тұтады.

Ұлы Отан соғысының ардагерін оралдықтар да ардақтаумен келеді. Жеңіс мейрамының 65 жылдығында Айтбай ата да біраз қошеметке бөленді. Ал, 2009 жылы қарияға жергілікті басшылар жаңадан салынған үйден пәтер берді. Жыл сайын Ұлы Жеңіс мейрамын тосын жаңалықпен қарсы алатын ақсақал елордасы Астанаға да барып, мерекелік шеруге қатысып қайтты. Аға-ұрпақтың осындай ыстық-ықыласына бөленген атайдың шынымен де бақытты екені рас. Тек, бір әттеген-айы, осынау жақсылықтың кейбірін кемпірі Нәсиха көре алмай кетті. Орта бойлы, дөңгелек жүзді, әдеміше келген Нәсиха апай күнінде қандайма құрметке лайықты жан еді. Өмір бойы сауда-саттық саласында еңбек етіп, кейін өрімдей бала-шағасы үшін сауданы тастап, балабақшаға тәрбиеші болғанын ауылдастары әлі күнге дейін айтып отырады. Мінезі ашық, адамгершілігі мол, өзі қонақжай жанның жарқын бейнесін «көз көрген» үлкен-кіші ұмытпақ емес. Тату-тәтті өмір сүрген, жұптары әсте жазылмаған Айтбай аға Нәсиха апайдан өрбіген Құтты, Құрметті, Ниетбай есімді ұрпақтары бүгінде шаңырақтарын шаттыққа толтырып, ұл-қыз өсіріп, ата-әже атанып отыр.

Иә, шалтты заманның  шапағатына бөленген Айтбай ақсақал Ұлы Жеңіс мейрамында ел-жұртына көл-көсір бақыт тілейді. Өзі көрген жақсылықтың бәрін жерлестерім де көрсе екен, бастары аман, бауыры бүтін болса екен дейді. Көпті көрген қарияның ақ батасы кім-кімге де жұғысты болары анық.

Арайлап атқан әр таңның, бейбітшілік пен тыныштықтың қадір-қасиетін ұғынған майдангер ағаның жүзінен нұр кетпей, жүзге де жетсін дейміз. Ылайым, солай болғай!

 

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

4.05.2012 ж. «Жайық үні»

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
184 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
439 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
919 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1180 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1655 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2273 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2436 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2445 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2496 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2499 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2096 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2978 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3030 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3025 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3642 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3607 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3598 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3734 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»