8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2021 2028 0
Қалалықтар қаперіне

СЕНБІ КҮНДЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЗЕККЕ ТҰРУ

Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде Орал қаласы мамандандырылған ХҚО азаматтарды алдын ала электрондық брондау арқылы қабылдайды.

Брондаудың электрондық жүйесі –  еліміздің барлық облыстарына бірдей қызмет ететін бірыңғай жүйе. Ал карантиндік шектеу шаралары әр облыста эпидемиологиялық жағдайға қарай әр қалай өзгеріп отырады.

ХҚО-ға кезекті электрондық түрде брондау уақыты аталмыш жүйеде сенбі күні сағат 18.20-ға (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) дейін деп көрсетілген, ал БҚО Бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 қаулысына сәйкес ХҚО мен Орал қ. Мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс кестесінде  өзгеріс бар. Атап айтқанда, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), жексенбі – демалыс.
​
Осыған байланысты сенбі күндері ХҚО немесе Мамандандырылған ХҚО қызметіне жүгінер кезде 1414 немесе 109 байланыс орталықтары (қоңырау шалу тегін) арқылы бөлім жұмысының кестесін нақтылап алған жөн.

Еске сала кетейік, кезекті электронды түрде брондау www.egov.kz Электрондық Үкімет порталы, Telegram  (бот-@kenes1414bot), eGov mobile қосымшасы арқылы, 1414 немесе 109 байланыс орталықтарына қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»