ОРАЛДЫҚТАР ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЛАРЫН ҚОҚЫС-ҚАЛДЫҚТАРДАН АРЫЛТТЫ
Бүгін, 15 мамыр күні Орал қаласында «Таза жағалау» акциясы өтті. Акция аясында басқармалар мен қалалық құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері шаһар аумағында орналасқан өзендердің айналасын қоқыс-қалдықтардан тазалады. 12 аумақта өткізілен акция аясында жалпы 159 тонна көлемінде қоқыс шығарылды.
Көктем келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, жағалауларды ластап кетеді. Осы орайда санитарлық-экологиялық екі айлығы аясындағы кезекті сенбілік өзендердің жағалауларын тазалауға арналды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенділік танытты.
– Зашаған, Деркөл, Круглоозерный кенттері мен Желаев ауылы және қалада – жалпы 12 аумақта ұйымдастырылды. Аталған акция қаладағы өзен-көлдердің аумағын қоқыс қалдықтарынан арылту мақсатында өтуде. Әрі мұндай шара шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Абылай Нұрмақов.
Өкінішке орай, жиналған қоқыстың көп бөлігі пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстардан тұрды. От жағылған орындар да жиі көзге түседі. Акцияға қатысушылар «демалушылар қоршаған ортаның тазалығын ойлайтын болса, осыншама қоқыс болмас еді» деген қынжылыстарын білдірді.
Жалпы 600-ден астам адам жағадауларды тазалауға жұмылды. Оладың күшімен 159 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Айта кетейік, Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес санитарлық-экологиялық екі айлығы 1 маусымға дейін жалғасады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу