8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 2056 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ХАДИША ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының 2021 жылдың 2 сәуір күнгі бұйрығымен  Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының  директоры болып Нұржан Тасболатов тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов таныстырды.

Нұржан Қадержанұлы 1973 жылы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.

1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтынан білім алып шықты.
Еңбек жолын 1994 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда артис-инструменталист қызметінен бастады.

2002-2004 жылдары «Жастар мәдениет үйінде» МКҚК-да музыкалық студия жетекшісі;
2004 жылы «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК солисі;

2005-2009 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да музыкалық жетекшісі; 2009-2012 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары;

2012-2013 жылдары «Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бөлім басшысы;

2013-2016 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы
орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары;

2016-2018 жылдары «Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-на қарасты Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры;

2018-2019 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер  орталығы» МКҚК директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры қызметін атқарып келді.
ҚР «Мәдениет Майталманы» (2019), «Еңбек даңқы» медалінің иегері (2019).
Отбасында жолдасы, 1 ұлы, 2 қызы бар.

Осы кезге дейін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры болған  Салтанат Мақсотқызы Абулғазиеваның  басқа жұмысқа ауысты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»