КӘСІПТІК БІЛІМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ: БІЛІМ. ТЕХНОЛОГИЯ. ТӘЖІРИБЕ
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе» атты республикалық вебинары өткізілді.

Вебинарға облыстық білім беруді дамыту орталықтары (әдістемелік кабинет) қызметкерлері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Орал қаласының филиалының қызметкері және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 250-ден аса педагог қатысты.
Еліміздің Алматы, Шымкент қалаларымен қоса 9 облыстан 136 жұмыс келіп түсті. Сарапшылар отырысының шешімімен 36 жұмыс пленарлық және секциялық отырыстарға ұсынылды.
Вебинар барысында техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдықтар, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың замануи тенденциялары, әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынас, дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсіби бағдар беру, цифрландыру және білім беру үрдісіндегі қашықтан оқыту форматтарының ұйымдастырылуы бойынша спикерлер өз ойларымен бөлісіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасып, іс тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар қорытындысында қатысушылардың материалдары жинаққа енгізілетін болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу