01 Сәуір 2021 1957 0
Қалалықтар қаперінеОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында санитарлық-тазалық екі айлығы жарияланғанын хабардар етіп, қала тұрғындарын екіайлыққа белсенді қатысуға шақырды.

«Құрметті қала тұрғындары, қаламыздағы барлық мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары, біз – экологиялық жасыл және таза қалада тұрамыз. Мұны баршамыз мақтан тұтып, табиғатымызды аялай білуіміз тиіс. Шаһар тазалығына тек арнайы қызметкерлер жауапты деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Әрбір елін, туған жерін қадірлейтін азамат қаланың таза болуына да алаңдағаны жөн. Біздің сүйікті шаһарымызды сырттан біреу келіп шашып немесе бүлдіріп кетпейді, сол сияқты тазаламайтыны да анық. Мен сіздерге қала әкімі және қарапайым тұрғын ретінде Үндеу жолдағым келеді, – деген қала басшысы бүгіннен бастап көктем мезгілінде өтетін санитарлық-экологиялық екі айлығы басталғанын айтты. Тазалық маусымы қала территориясы мен кент, селолық округтер аумағында өтеді. Осы ретте елді мекен аумақтарының санитарлық жағдайын жақсарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүзеге асады.
«Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Ал сенбілік – өзіміздің қаламыз бен ауламыздың тазалығы үшін маңызды әрі ортақ игі іс. Әр адам өзі мекен ететін жерін қорғап, таза ұстауға тиіс. Қоршаған ортаны сақтау адамның өзінен басталатындығын әрқайсымыз жете түсінуіміз керек. Тазалық – денсаулық кепілі, сондықтан, экологияға жауапкершілікпен қарау әр тұрғынның азаматтық парызы болуы шарт. Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамай, осы екіайлыққа белсенді атсалысайық» – деді қала әкімі Абат Шыныбеков.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
84 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
86 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
81 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
83 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
83 0

Кіру
Пікір үстеу