30 Наурыз 2021 1405 0
ҚоғамБАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕР ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЕСІМІН ИЕЛЕНДІ
Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімін иеленді. Жақында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және олардың атауларын өзгерту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қаулыға сәйкес, бұдан былай Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты Абай есімімен аталатын болды. Бұл мектеп-гимназия түлектері ҰБТ сынағында еліміз бойынша үнемі ең үздік нәтиже көрсететін мақтаулы мектеп.
Атауы жаңарған білім ордалары арасында Бәйтерек ауданындағы 9 ауылдық мектеп бар. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан бұл ауданда елдімекен, мекеме-ұйымдар атаулары тәуелсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні бұрын да айтылып жүретін. Міне, енді үкімет қаулысынан кейін Дариян мектеп-гимназия-интернаты – «Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты», Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі – Қадыр Мырза Әлі атындағы, Первосоветск жалпы орта білім беретін мектебі – Шоқан Уәлиханов атындағы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебі – Бауыржан Момышұлы атындағы, Батурин жалпы орта білім беретін мектебі – Талғат Бигелдинов атындағы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебі – Қасым Қайсенов атындағы, Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі – Ілияс Есенберлин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп деп аталатын болды.
Осы қаулыда Шыңғырлау ауданындағы Белогор негізгі мектебі – Ақтау ауылының негізгі білім беретін орта мектебі, Полтава негізгі орта білім беретін мектеп-балабақшасы – Ардақ ауылының негізгі білім беретін орта мектеп-балабақшасы болып өзгертілгені де айтылған. Аталған ауылдардың тарихи атауын қайтарып алғанына бірнеше жыл болған еді.
– Білім ордаларына өскелең ұрпаққа рух беретін ұлы тұлғаларымыздың есімін беру жұмыстары болашақта да жалғасады. Қазірдің өзінде Қаратөбе ауданындағы екі мектепті Ғарифолла Құрманғалиев пен академик Қажым Жұмалиевтің есімімен атау туралы ұсыныс түсті. Орал қаласында да Бауыржан Момышұлы мен Қадыр Мырза Әлі есімін сұрап отырған мектептер бар. Қазір құжаттары қатталып, тиісті рәсімдері жасалып жатыр, – дейді Батыс Қазақтан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ізбасар Жұмағали.
Соңғы жаңалықтар
Экономика
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
30 Сәуір 2026
66 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
30 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
30 Сәуір 2026
92 0
Әлем жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
30 Сәуір 2026
69 0
Экономика
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
29 Сәуір 2026
103 0
Жасанды интеллект
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
29 Сәуір 2026
107 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
29 Сәуір 2026
138 0
Өзек
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
28 Сәуір 2026
133 0
Заң және тәртіп
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
28 Сәуір 2026
139 0
Қоғам
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
28 Сәуір 2026
182 0
Өзек
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
27 Сәуір 2026
167 0
Жасанды интеллект
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
24 Сәуір 2026
261 0
Ауыл - ел тірегі
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
24 Сәуір 2026
282 0
Мәдениет
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
24 Сәуір 2026
250 0
Toqaev2026
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
23 Сәуір 2026
259 0

Кіру
Пікір үстеу