8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2021 2815 0
Спорт

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОРАЛ БАРЫСЫ» ӨТЕДІ

Наурыз мерекесіне орай Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізбек. Мейрамға арналған іс-шаралар 14 наурыз күні басталып, 22  наурызға дейін жалғасады. 

Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев мәлім еткендей, әр күні өтетін шаралар атаулы күндерге сәйкестендірілген және өзіндік мән-маңызы бар. басты мақсат – ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, қазақ ұлттық ойындары барысындағы ерекше көріністі және қызу тартысты көрсету.

 

 14 наурыз күні«Көрісу күніне» қала тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады. Қатысуға ниет білдірген  әртүрлі жастағы қатысушылар спорттың 4 түрінен  – асық ату, қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартудан сынға түсетін болады.

                  Өтетін уақыты: 14 наурыз, басталуы сағ.11.00

                  Өтетін орны: Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат) және М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ.

 

15 наурыз күні«Зияткерлік күніне» арналған робототехника көрмесі жоспарлануда.  Наурыз мейрамдарын мерекелеу аясында өтетін робототехника көрмесінде Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық жоғары техникалық колледжі, Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы және Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің робототехникалары қала тұрғындарының назарына ұсынатын болады.

                  Өтетін уақыты: 15 наурыз, басталуы сағ.11.00.

                  Өтетін орны: Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат).

 

16 наурыз күні Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған Орал қаласының мекеме жұмысшылары арасында қазақ күресінен жарыс өтпек. Бұл додаға Орал қаласының мекеме жұмысшылары қатысады деп күтілуде. Олар  70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түстетін болады. Қазақ күресі жарысы Құлмамбет пен Жамбыл айтысымен жалғасады.

                    Өтетін уақыты: 16 наурыз, басталуы сағ.11.00.

                    Өтетін орны: А.Н.Островский атындағы драма театры.

 

18 наурыз күні  «Игі істер күні аясында» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұлттық спорт түрлеірнен қалалық жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар асық ату, қол күресі, арқан тарту, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және садақ атудан сайысатын болады.

                    Өтетін уақыты: 18 наурыз, басталуы сағ.11.00.

                    Өтетін орны: Дауымов көшесі, 45, спорт кешені.

 

19 наурыз күні «Шымырлық пен шеберлік күніне» арналған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тай жарысы сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс жоспарланған. Мақсаты – ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, қазақ ұлттық ойындары барысындағы ерекше көріністі және қызу тартысты көрсету. Аталмыш шара ат спорты базасында өтеді. Додаға қатысушылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тай жарысы секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ таластыратын болады.

                  Өтетін уақыты: 19 наурыз, басталуы сағ.11.00.

                  Өтетін орны: Бортау ауылы (Меловые горки).

 

20 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған  Деркөл кентінің тұрғындары арасында ләңгі тебу, гір тасын көтеру, асық ату, қазақ күресі, арқан тартудан жарыс

               Өтетін уақыты: 20 наурыз, басталуы сағ.11.00.

               Өтетін орны: Деркөл кентінің мәдениет және демалыс саябағы.

 

21 наурыз күні «Ұлттық тағамдар күніне» қой көтеру, қазанға бауырсақ пісіруден жарыс ұйымдастырылады.  М.Мөңкеұлы көшесінде (тынымбақ) қала тұрғындары арасында қой көтеру жарысынан мықтылар анықталады. Сондай-ақ осы тынымбақта 10 қазан-ошақ құрылып, дайындалып, бауырсақ пісіруден жарыс өтеді. Әр қатысушы қазақ дастарханының басты нанын пісірудің әр түрлі әдіс-тәсілін көрсетеді.

                Өтетін уақыты: 21 наурыз, басталуы сағ.11.00.

                Өтетін орны: М.Мөңкеұлы көшесі (тынымбақ).

 

22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне» арналған қазақ күресінен Орал барысы, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебуден жарыс өтеді.

               Өтетін уақыты: 22 наурыз, басталуы сағ.11.00.

               Өтетін орны: Тұңғыш Президент алаңы, Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
124 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
250 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
193 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
459 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
648 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
644 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1151 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1189 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1213 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1581 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1707 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1734 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
2013 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
2022 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2151 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»