8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Наурыз 2021 2240 0
Қоғам

«ӘППАҚ ҚҰРТ» АКЦИЯСЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты ерекше акцияны қолға алды.

Бұл акцияға мектеп-интернаттың оқушылары ғана емес, педагогтер мен қызметкерлер де қатыса алады. Наурызға байланысты  өлеңдер оқып, батаны жатқа айтқандар дәмі тіл үйірер құртты сыйға алатын болады.

Құрт – ақуызға бай, құнарлы тағам. Мектеп әкімшілігі акцияны ұйымдастыру арқылы жыл басы саналатын Наурыз мерекесінің маңызын арттыруды және осы ретте қазақтың ұлттық тағамын насихаттауды мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында туа біткен аурулардың ауыр түрлерінен бастап жүре пайда болған өзгерістерге дейінгі көру патологиялары әртүрлі балалар оқиды. Қазіргі уақытта 155 оқушы білім алуда. Олар – Батыс Қазақстан облысымен қатар, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысынан келген балалар.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»