СПОРТ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖДІҢ НӘЗІКЖАНДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты кеш өтіп, ұжымдағы ұстаз-аналарға, әріптес ару-әйелдерге ерекше құрмет көрсетілді.

Карантин талаптарына сәйкес өткен шағын концерттік бағдарлама мұғалімдер мен әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бойынша жеке-жеке аталып өтті.
Мектеп-интернат-колледж директоры Қ.Б.Жанғалиев спорт пен білім, тәрбие беру ісін шебер ұштастырып келе жатқан ұжымдағы ұлағатты ұстаздар мен нәзікжанды қызметкерлерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, отбасыларына бақ-береке, дендеріне саулық, шығармашылықтарына толайым табыс тіледі.
Ұжымдағы әріптес ұстаздар мен тәрбиешілерді, қызметкерлерді құттықтауға БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Нығметуллин, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан Е.Жалмұрзин арнайы келіп, алғыс хаттармен марапаттады.
Мектеп-интернат-колледждің оқушылары дайындаған әсем әндері көрермен ұстаздарға шуақ сыйлап, керемет әсерге бөледі.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу