ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 84 ПАЙЫЗЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Денсаулық сақтау министрілігің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов Шамамен 16 млн. қазақстандық немесе халықтың 84 пайызы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асады: жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн. тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет төлемеген.
«Жазда ай сайын 42500 алып жүрген кезде, жеке тұлғалар жаппай БЖТ төлей бастаған болатын. Солай жалғаса бергенде МӘМС жүйесі халықтың 92 пайызын қамтитын еді. Халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыс істеуді жалғастыру қажет – өңірлердің әкімдіктері «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдері мен медициналық ұйымдарды жұмылдыра отырып, өңірлік штабтардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл мәселеге әсіресе Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері баса назар аударған жөн. Бұл өңірлерде медициналық сақтандыруға қатысушылар саны халықтың 80 пайызынан аз», – деп атап өтті ӘСМҚ басшысы Болат Төкежанов.
2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар ретінде 550 млрд. теңге түсті. Оның ішінде азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін мемлекеттің төлеген үлесі – 297,6 млрд теңге немесе барлық түскен қаражаттың 54 пайызы. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 162 млрд теңге (29 пайызы) аударды.
Жұмысшылар 72,2 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер 10,4 млрд теңге, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген тұлғалар 2,3 млрд теңге, БЖТ төлеушілер 2,8 млрд теңге, өзі үшін төлейтіндер 2,3 млрд теңге аударған.
Өңірлерді алып қарағанда, МӘМС жарнасын төлеу бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы алда келе жатыр.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу