БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ЕДІЛ СУЫН АЛУҒА ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ
Ресей Федерациясынан Батыс Қазақстан облысына 131 млн текше метр Еділ суын алуға қосымша 3,5 млрд теңге қаражат бөлу мәселесі 2021 жылға арналған республикалық бюджетті бірінші нақтылау кезінде қарастырылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.
«Жыл сайын Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің негізінде халықты сумен қамтамасыз етуді жақсарту және межелі кезеңде қалыпты экологиялық жағдайды сақтау мақсатында республикалық бюджеттен Еділ суын машинамен беру шығындарын өтеуге қаражат бөлінеді. 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Үлкен және Кіші өзендеріне тасталатын су көлемі кестеге сәйкес 107 млн текше метр болып бекітілді», – деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, 2020 жылы судың аздығына және судың жетіспеушілігіне байланысты Үлкен және Кіші өзендеріндегі су көлемінің тапшылығын толтыру үшін 35 млн текше метр Еділ суын сатып алу қажеттігі туындап, осы мәселені шешуге қосымша 993,1 млн теңге бөлінді.
«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан Еділ суын машиналық әдіспен Батыс Қазақстан облысына беру үшін 3,5 млрд теңге сомасында қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы бюджеттік өтінім қалыптастырылды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде су жіберу көлемін 3,5 млрд теңге сомасына 131 млн текше метрге ұлғайту мәселесі бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, 2021 жылға арналған республикалық бюджетті бірінші нақтылау кезінде қарастырылатын болады», – деді Асқар Мамин.

https://lenta.inform.kz/kz/batys-kazakstanga-edil-suyn-aluga-kosymsha-karazhat-karastyrylady_a3760642
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу